Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерліктері ел есінде

Ерліктері ел есінде

Әлеумет 15.02.2023, 13:56 1,144
Ерліктері ел есінде
Суретті түсірген - Қ.Қоныспаев

Кеңес әскерлерінің ауған даласынан шығарылғанына – 34 жыл


Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған даласынан шығарылғанына 34 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен қала жұртшылығы қатысты.


Салтанатты жиын ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды бір сәт үнсіз еске алумен басталды. Алғашқы сөз кезегін Алматы өңірлік горнизон басшысының орынбасары, полковник Асқар Ахметбеков алды.



– 1979 жылдың 25 желтоқсанында басталып, 1989 жылдың 15 ақпанына дейін созылған соғысқа КСРО аумағынан 620 мыңнан астам жауынгер мен офицер қатысқан еді. Осы соғыста Кеңес Одағынан 15 мың 51 адам оққа ұшты. Қазақстаннан барған 22 мың 269 жауынгердің 924-і соғыс даласында ерлікпен қаза тапты. Елге 1015 жап-жас бозбала кемтар болып оралды. Соғыс даласында 21 солдат із-түзсіз кетті. Осынау 110 айға созылған соғыстан елге аман-есен оралған жауынгерлердің көңілдері жаралы. Олар үнемі майданда оққа ұшқан жолдастарын ойлайды. Олардың есімдері жадымызда сақтаулы. Олардың жасаған ерліктері елдің есінде, – деді ол.



Қалалық әкімшілік атынан сөз алған Бауыржан Жаубасов ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің көрсеткен жанқиярлық ерліктері жас ұрпаққа қашанда үлгі болатынына тоқталды. Ол жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге қосып отырған үлестері үшін ризашылығын білдірді.


Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов, ауған соғысына қатысқан жауынгерлер жастарға тәрбие беріп, мемлекетіміздің тұрақтылығы жолында еңбек етіп жатқаны жөнінде баяндады. Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі төрағасының орынбасары Байкал Хамзин мұндай іс-шараның жастарға беретін үлгісі туралы айтып, соғыста қаза тапқандарға көрсетілген құрметтің ерлікке көрсетілген құрмет екенін жеткізді. Салтанатты жиын барысында ардагерлер сөз алып, еліміздегі бейбіт өмірдің баянды болуын тіледі.


Салтанатты жиын соңында Мәңгілік алау мен ауған соғысына қатысушыларға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Жиналғандар «Әскерлер үйінде» өткен концерттік бағдарламаны тамашалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ауған #Ардагер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика