Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ерлан Тұрғымбаев ІІМ Алматы академиясының бітіруші...

Ерлан Тұрғымбаев ІІМ Алматы академиясының бітірушілеріне сертификат тапсырды

Білім және ғылым 21.06.2021, 09:58 2,252
Ерлан Тұрғымбаев ІІМ Алматы академиясының бітірушілеріне сертификат тапсырды
Сурет: Polisia.kz

Кадрлардың әлеуетін дамыту ІІМ жүйесіндегі сапалы өзгерістерге әсер етеді.


Министр ІІМ Алматы академиясының №1 факультетінің тұңғыш бітірушілеріне сертификаттар тапсырды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
 Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясында басшылық құрамды даярлау факультетін аяқтаған тыңдаушылардың оқу нәтижелері шығарылды.



 Оқуды жемісті аяқтаған қызметкерлерге сертификаттар тапсыру салтанатына полиция ведомствосының басшысы қатысты. 


«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Ішкі істер министрлігінің алдында полицияны реформалаудың маңызды міндеттері тұр. Біздің мақсатымыз – менеджментті, ақпараттық технологияны, қоғаммен байланысты және түрлі салалық білімді меңгерген жаңа форматтағы полиция кадрларын дайындау», – деп атап өтті ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. 


Үш ай бойы полиция департаментерінің басшылары, қылмыстық атқару жүйесі комитетінің және басқа да бөлімдерден келген тыңдаушылар басқару саласының қыр-сырларын, әкімшілік- шаруашылық қызметін, қаржы және құқықтық сауатты, жобалау, дағдарыстан шығару және HR-менеджмент, шешендік өнер шеберлігі, БАҚ-тармен қарым-қатынас секілді бағыттарда терең білім алды.



Оларға академияның оқытушыларынан бөлек арнайы шақырылған ғалымдар, қоғам өкілдері, депутаттар және ардагерлер сабақ берді. Қазіргі заман талабына сай басшылық құрамды даярлаудың маңыздылығын марапаттау рәсімінде оқу процесіне өзі де қатысқан Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі Рахым Ошақбаев атап өтті. 


«Кадрлардың әлеуетін дамыту ІІМ жүйесіндегі сапалы өзгерістерге әсер етеді. Осында алған білім азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттырып, құқық қорғау органдарына деген сенімді күшейтеді», – деді Ерлан Тұрғымбаев өз сөзінде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#турникет честности #касса без продавцов #Алматы #Қазақстан #Алматы #Академия #МВД #сертификат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика