AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ерлан Төлеутай - "Ең үздік актер"

Ерлан Төлеутай - "Ең үздік актер"

Мәдениет 16.06.2025, 09:40 821 yakiya
Ерлан Төлеутай - "Ең үздік актер"
интернеттен

Танымал қазақстандық кино режиссері, әнші, композитор, ақын және өнертанушы Ерлан Төлеутай Бішкекте өткен кинофестивальдің нәтижесі бойынша үздік актер атанды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бішкекте бес күнге созылған кино, диалог және шығармашылық жаңалықтарға толы кинофестиваль өтті. Кинофестиваль аясында Орталық Азия байқауының жеңімпаздары анықталды. Орталық Азия байқауының жалпы жүлде қоры — 1 500 000 қырғыз сомы.

“Үздік актер” номинациясын Ерлан Төлеутай “Әбіл” фильміндегі рөлі үшін жеңіп алды. Жүлде: 300 000 сом немесе шамамен 1,7 миллион теңге. 

“Әбіл” фильмі - Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі кезеңдегі ауыл тіршілігін бейнелейтін әлеуметтік драма. Картинада колхоз бен совхоздардың тарауы, жаппай жекешелендіру үрдісі кезінде әділетсіздікке тап болған қарапайым халықтың тағдыры мен қараусыз қалған ауылдағы бейберекет тіршілік көрініс табады.

Туынды тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қазақ қоғамының рухани күйзелісі мен психологиялық ахуалына терең үңіледі. Сонымен қатар кеңестік жүйедегі адам өмірінің құнсыздануы, тұрмыс ерекшеліктері, өз елінде өгейдің күйін кешкен қазақтың күйі, социализмнен капитализмге өтпелі кезеңдегі ішкі қайшылықтар мен жаңадан тамыр жайған жемқорлық мәселесі де өткір қозғалады.

Дәстүрлі әнші, өнертанушы, публицист Ерлан Төлеутай фильмде басты рөлді сомдаған. М.Әуезов театрының белгілі актерлері Нұржан Бексұлтанова, Әлихан Лепесбай, Ғ.Мүсірепов театрының актері Ұлан Нүсіпәлілер де фильмде ойнайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерлан Төлеутай #Кинофестиваль #“Үздік актер”
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);