Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Ерлан Саиров: жаңа Конституция жобасында мемлекетт...

Ерлан Саиров: жаңа Конституция жобасында мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін тетіктер қарастырылды

Саясат 13.02.2026, 17:47 191
Ерлан Саиров: жаңа Конституция жобасында мемлекеттің саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін тетіктер қарастырылды
Видео кадры

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы жиынында мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген күннен бастап елімізді  одан әрі демократияландыру ісін айқындағанын атап өтті.

«Президент плюрализмді дамытуға ықпал етуді өз міндеті санайтынын айтқан еді. Бұл саяси ұстаным бүгінге дейін дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді. Еліміздегі саяси жүйені жетілдірудің салмақты әрі эволюциялық жолы нақты нәтиже беріп отыр. Бұл құжатта биліктің халық алдындағы жауапкершілігі айқын көрініс тапты», – деді Ерлан Саиров.

Депутат саяси даму мен экономикалық серпін тұрақтылықпен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Оның пікірінше, геосаяси тұрақсыздық жағдайында мұндай конституциялық негіз ерекше маңызға ие. Депутат жаңа құжатта Қазақстан Ұлы Дала өркениетінің мұрагері екені алғаш рет белгіленгенін атап өтті. Сонымен қатар ол әлемдік конституционализм тарихынан мысал келтіре отырып, заңның, ең алдымен бүгінгі буынның мүддесіне қызмет етуі керек екенін еске салды. Ерлан Саировтың айтуынша, жаңа Конституция жобасы өскелең ұрпақтың саяси мүддесі тұрғысынан жазылған.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Конституциялық реформаны қолдау мақсатында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» деп аталатын жалпыұлттық коалициясы құрылды. Оның құрамына еліміздегі саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, жастар бірлестіктері, кәсіподақ ұйымдары және тағы басқалар кірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қарлы боран, көктайғақ: жұма күні ел өңірлерінде ауа райы қандай?

Бүгін 09:09

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Кеше 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Кеше 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Кеше 17:49

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика