Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Ерлан Қарин: Президент сайлауының 20 қарашаға белг...

Ерлан Қарин: Президент сайлауының 20 қарашаға белгіленуі – жаңа электоралды циклдың бастамасы

Сайлау-2023 22.09.2022, 08:27 1,656
Ерлан Қарин: Президент сайлауының 20 қарашаға белгіленуі – жаңа электоралды циклдың бастамасы
Сурет: Akorda.kz

Алдағы сайлау науқаны кестесінің алдын ала жария етілуінде болып отыр.


 Мемлекет басшысының Президент сайлауын 20 қарашаға белгілеу туралы Жарлығы – жаңа электоралды циклдың бастамасы. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм каналында саяси науқан туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Президент сайлауын өткізу туралы бастама кейінгі үш жылдағы саяси жаңғыру бағытына толыққанды сай келеді. Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа, неғұрлым теңдестірілген тәртібін бекітті. Жаңа үлгіні іске қосу үшін мемлекеттің Президент, Парламент, Үкімет, мәслихаттар сияқты шешуші институттарын қоса алғанда бүкіл саяси жүйені қайта бастау қажет», - дейді Мемлекеттік кеңесші.



Сондай-ақ, бұл ретте сарапшылар мен саясат маңы орталарында алдағы электоралды науқан туралы пікірталас көптен бері өрбіп келе жатқанына назар аударады. Сарапшылардың бірқатары мерзімнен бұрын сайлау өткізу қажеттігі туралы көктемде айтқанына тоқталады.


«Қазіргі сайлаудың ерекшелігі – алдағы сайлау науқаны кестесінің алдын ала жария етілуінде болып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауы туралы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан бір ай бұрын құлаққағыс етті. Ал бұған дейін мерзімінен бұрын өткен сайлаулардың барлығы олардың күні көрсетілген Жарлыққа қол қойылған күні мәлім болып келген еді. Бұл уақыт алдағы науқанның қоғамда кеңінен талқылануына ғана емес, әлеуетті қатысушыларды алдын ала дайындауға да жеткілікті болды. Заң бойынша сайлау күні белгіленгеннен кейін екі ай ішінде өтеді, бірақ іс жүзінде науқан үші айға созылады.



Қоғамның бірлігі, мемлекеттің тұрақтылығы, елдің кез келген ішкі және сыртқы мәселелерге дұрыс жауап бере алу қабілеті тек қана теңдестірілген және тұрақты саяси жүйе жағдайында ғана қамтамасыз етіледі. Сондықтан, геостратегиялық турбуленттік ушыға түскен кезде алдағы Президент сайлауы біздің елімізді кең көлемді әлеуметтік-экономикалық реформалар дың жаңа кезеңі қарсаңында біріктіретін ең маңызды факторға айналуы тиіс», - дейді Ерлан Қарин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерлан Карин #Қазақстан #сайлау #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика