конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары...

Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Узра Зеямен кездесті

Саясат 12.04.2022, 12:32 1,542
Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Узра Зеямен кездесті
akorda.kz

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеямен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz akorda.kz сілтеме жасап.


Ерлан Қарин елімізді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жүйелі жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалар туралы айтып берді.



Соның ішінде, Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы елді жаңартуды көздейтін ұзақмерзімді бағдардың және жалпы саяси жаңғыру үдерісінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Ол билік тармақтары құзыреттерінің барынша тиімді тепе-теңдігін қалыптастыру, көп партиялы жүйені, азаматтық қоғам институттарын және адам құқығын қорғау саласын одан әрі дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының негізгі бастамаларына тоқталды.



Узра Зея Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық бастамаларына АҚШ-тың қолдау білдіретінін жеткізді. АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстанның демократиялық үдерістерді одан әрі ілгерілету жолындағы іс-әрекетіне алдағы уақытта да қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.


Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың түрлі бағыты бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға ықыласты екенін танытты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#карин #Узра #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде екі түнге қозғалыс шектеледі

Бүгін 19:07

Алматыда YE-нің (Канье Уэст) Орталық Азиядағы тұңғыш жеке концерті өтті

Бүгін 17:58

Алматыда «Аспан таулы Алматы!» республикалық бейнеконтент байқауы басталады

Бүгін 17:41

Жылыту маусымына 77 мың км газ тарату желісі дайындалуда

Бүгін 17:32

«Елдің болашағы әрқайсымызға байланысты»: Нұрқожа Қайпанов қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Бүгін 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);