AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Еркін күрестен Дархан Есенғали Азия чемпионы атанд...

Еркін күрестен Дархан Есенғали Азия чемпионы атанды

Спорт 14.04.2023, 19:20 1,574
Еркін күрестен Дархан Есенғали Азия чемпионы атанды
Сурет: Ашық дереккөз

Дархан биыл ақпанда Алматыдағы еліміздің VI жазғы спартакиадасында топ жарды


Қазақстандық Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Қазақстандық Дархан Есенғали (74 келі) Азия чемпионатының финалында Кирин Киношитамен белдесті.


Дархан Есенғали белдесуді белсенді бастады. Нәтижесінде қарсыласына қатарынан екі әдіс қолданды. Еншісіне бірден алты ұпай түсті. Одан кейін тағы да қоржынға бір ұпай түсті.


Жапониялық балуан да жеңістің қолдан сусып бара жатқанын түсініп, екі ұпайға ие болды.


Осылайша ол қарсыласынан 7:2 есебімен басым түсіп, Азия чемпионы атағына ие болды.


Ол бұған дейін 1/8 финалда сингапурлық Хонг Луды, ширек финалда қырғызстандық Әділет Жапарқұловты жеңіп кетті. Ал жартылай финалда бахрейндік Магамедрасул Аслуевты ұпай санымен жеңді.


Айта кетсек, Дархан биыл ақпанда Алматыдағы еліміздің VI жазғы Спартакиадасында топ жарды. Бұл сында ол аталған салмақтағы көшбасшы Нұрқожа Қайпановты, финалда Нұрлан Бекжановты ұтқан еді.


Еске салсақ, ел құрамасынан еркін күресте Дархан Есенғалидан өзге Азамат Дәулетбеков (86 келі), Ризабек Айтмұхан (92 келі), Жүсіп Батырмұрзаев (125 келі) финалда күреседі.


Еске салсақ, еркін күрестен жарыстың алғашқы күнінде қоржынға 2 алтын, 1 қола түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күрес #чемпион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04

Мемлекет басшысы General Atlantic төрағасы және бас директоры Уильям Фордты қабылдады

Бүгін 20:00

Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған фестиваль өтті

Бүгін 19:45

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті

Бүгін 19:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);