AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Еркін Дүсіпов: Жаңа оқу корпусының берілуі – QyzPU...

Еркін Дүсіпов: Жаңа оқу корпусының берілуі – QyzPU үшін тарихи оқиға

Білім және ғылым 18.09.2024, 17:10 1,170
Еркін Дүсіпов: Жаңа оқу корпусының берілуі – QyzPU үшін тарихи оқиға
almaty-akshamy.kz

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне мемлекет тарапынан жаңа ғимарат заңды түрде пайдалануға берілді. Бұл туралы университет ректорының міндетін атқарушы Еркін Дүсіпов БАҚ өкілдерімен кездесуде айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

2024 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Журналистерге жоғары оқу орнының ғимаратында тур өткізіліп, зертханалар, мұражай, арт галерея таныстырылды. Бас корпустан кейін университеттің жаңа корпусына тур жасалды. 80 жылдық тарихы бар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1986 жылдан бері алғаш рет Алматы қаласының орталығында оқу ғимаратына ие болды. Мемлекеттен берілген оқу ғимаратының ауданы 12 000 шаршы метрден асады.

Баспасөз туры барысында журналистерге QyzPU ректорының міндетін атқарушы Еркін Дүсіпов оқу орнының жетістіктері мен даму преспективалары туралы ақпарат берді. Проректор қонақтарды заманауи білім беру алаңдарымен, сондай-ақ университетте білім беру процесіне енгізіліп жатқан заманауи әдістермен таныстырып, алға қойған жоспарлармен бөлісті.

 

«80 жылдық мерейтой қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне жаңа оқу корпусының берілуі QyzPU ұжымы үшін тарихи оқиға болды. Жаңа ғимарат университетке шілде айынан бастап заңды түрде пайдалануға берілді. Қазіргі таңда үшінші, төртінші, алтыншы қабаттарда хореография, педагогика, психология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша оқу жүріп жатыр. Болашақта магистранттар мен докторнаттарды да осы ғимаратта оқытуды жоспарлап отырмыз. Білім ордасында жалпы саны 12005 студент бар. Биыл 1 курсқа 5000-ға жуық студентті қабылдадық. Білім алушыларға жағдай жасау – біздің міндетіміз», – деді проректор.

 Оның айтуынша, алдағы уақытта жаңа ғимаратқа тағы да заманауи құрал-жабдықтар алынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);