AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ержан Бабақұмаров Алматының үздік еріктілерін мара...

Ержан Бабақұмаров Алматының үздік еріктілерін марапаттады

Әлеумет 29.12.2021, 15:20 1,197
Ержан Бабақұмаров Алматының үздік еріктілерін марапаттады

Еріктілер еңбегі еленді


Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Uzdik volonter 2021 еріктілеріне құрмет көрсету салтанатты рәсімі өтті, онда жыл қорытындысы шығарылып, Алматы еріктілер қозғалысының ең белсенді және жанашыр қатысушылары марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген іс-шараны Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров ашты. Ол мұқтаж жандарға риясыз көмектесіп, қоғамды жақсарта түсетін еріктілер қозғалысының белсенділерінің ерекше рөлін атап өтті.


Сондай-ақ, қоғам қайраткері, қайырымдылық қорының директоры А. Саин; қалалық мәслихаттың депутаты, Q3 Worldwide инвестициялық холдингінің иесі Қ.Құдайберген; «Қазақстан волонтерлері лигасы» қоғамдық қорының төрайымы А. Ерниязова; қалалық мәслихаттың депутаты С. Есмат; Алматы қаласы волонтерлерінің өңірлік фронт-офисінің өкілі Б. Анарбаева құттықтау сөз сөйледі.





Түрлі номинациялар бойынша марапатталғандардың арасында Lider.kz еріктілер қозғалысының жетекшісі Д. Блац; Menin Armanym корпоративтік қорының атқарушы директоры Ш. Ванкеев; Asar-ume қорынан А. Нұрмағамбетов, Д. Малаева, С. Асылбек; «Салиқалы ұрпақ» қорынан Қ. Қасабеков; «Харекет» ҚҚ, Г. Мұханқызы, А. Теміров, «Харекет» ҚҚ, А. Оқас, Е. Ұлтанбеков, Е. Шаяхмет, М. Мырзахметова «Алматы мейірімділік клубынан»; Қайсар Қ., Л. Ибрагимова, «Қызыл Жарты Ай»; А. Ким, «Қазақстан Еріктілер лигасы»; Б. Шералиева, «Рахым» Әлеуметтік үйі; М. Лежнева, «Котопес», С. Шүңкеев, «Халық» қоры, М. Әнуарбекова, «Мен алматылықпын» және басқалар.




Форум барысында Asar-ume қоғамдық қоры мұқтаж және көп балалы отбасыларға үй сатып алуға сертификат берді. Басқа еріктілер жаңа үйге қажетті техниканы сыйға тартты. Мейірімді жүректердің арқасында тағы бір отбасы жаңа жылды өз шаңырағының төрінде қарсы алады.


Айта кетерлігі, Жаңа жыл қарсаңында еріктілер жақсылық сыйлауды тоқтатпайды. Қаланың волонтерлік ұйымдары «Керемет Аяз Ата» жаңажылдық акциясын өткізуде, оның аясында кез келген адам мұқтаж жанның жаңажылдық тілегін орындай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еріктілер #белсенділер #марапаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Кеше 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Кеше 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);