Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ержан Бабақұмаров Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен...

Ержан Бабақұмаров Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздарына Мемлекет басшысының құттықтауын оқып берді

Спорт 10.12.2021, 13:56 1,620
Ержан Бабақұмаров Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздарына Мемлекет басшысының құттықтауын оқып берді
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

Алматы әкімдігі спортшыларға қолдау көрсетті


Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында джиу-джитсудан Almaty jiu-jitsu kids cup халықаралық турнирі өтті. Жарысқа Қырғызстан мен Өзбекстан спортшылары келді. Сондай-ақ турнир аясында Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатының жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz




Abu Dhabi World Jiu-Jitsu Championship турнирінде Сағадат Нұрмағамбетов атындағы клубтың спортшылары 9 алтын, 5 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Олардың барлығы - 8 жастан 15 жасқа дейінгі жас санатындағылар. Осылайша Қазақстан құрамасы балалар мен жасөспірімдер арасындағы чемпионатта жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді.


Сонымен қатар, 14 жасар Жібек Қалымбетова Абу-Дабиде джиу-джитсудан төртінші рет әлем чемпионы атанды. Нұрай Алтынбек екі дүркін әлем чемпионы, Райымбек Ержан екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.


Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Абу-Дабидегі халықаралық жарыс жеңімпаздарына Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді. Ел Президенті мұндай жарыстардың өскелең ұрпақты қызықтыратынына және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететініне сенім білдірді.



«Жасыратыны жоқ, қазақстандықтар жауынгерлік өнерлерге қызығушылық танытады. Біз спорт шеберлеріміздің жарқын жеңістерін мақтан тұтамыз. Джиу-джитсу соңғы жылдары қарқынды дамып келеді, біздің құрама Азия және әлем чемпионаттарында танымал болды. Бұл турнир де спорттың осы түрін дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймын», - делінген Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың құттықтауында.



Е. Бабақұмаров жүлделі орындарға ие болған С. Нұрмағамбетов атындағы клубтың тәрбиеленушілерін құттықтап, оларға Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың атынан алғыс хаттар табыс етті.


Қала әкімінің орынбасары жас спортшылардың мықты рухын тәрбиелеген Алматы джиу-джитсу мектебінің жетістіктерін атап өтті. Е. Бабақұмаровтың айтуынша, күнделікті еңбек барысында чемпион атанады.



«Сіз спортта алғашқы қадам жасаған құрдастарыңызды ғана емес, ересектерді де шабыттандырасыз. Сіздердің ерен жетістіктеріңізге көмектесетін балалар жаттықтырушыларына алғыс айтқым келеді. Бұл - ерекше миссия», - деді әкімнің орынбасары.



Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова да жылы лебіздерін білдірді. Оның атынан айтылған алғыс сөзде қазақстандық спорт әлемдік спорт аренасында құрметті орынға лайық делінген. Елімізде чемпиондарды тәрбиелеуге, дені сау ұрпақты өсіруге барлық жағдай жасалған.


Almaty jiu-jitsu kids cup турнирін Қазақстанның Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Sagadat Batyr - QTT спорт клубы ұйымдастырды. Мұнда балалар, жасөспірімдер және ересектер спортшылар айналысады. Олар чемпиондық белдіктерді жеңіп, джиу-джитсу мен грэпплингтен спорт шебері болады.


Жарысқа 6-15 жас аралығындағы 300-ден астам жас спортшылар, соның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Олардың арасында Азия, әлем чемпиондары мен ірі халықаралық жарыстардың жүлдегерлері бар. Әкімдіктің қолдауымен клубта «Жанұя» отбасы үлгісіндегі балалар үйінің 20 тәрбиеленушісі тегін жаттығады. Олардың барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.


Еске салсақ, жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы балалар спортын қолдау мақсатында Алматы әкімдігі осы жылы 40 мың баланы түрлі спорт секцияларында тегін жаттығумен қамтамасыз ету үшін 1,5 миллиард теңге бағыттады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #джиу-джитсу #Құрмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика