AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Ерхат Есқалиев: КВИ-ді емдейтін дәрінің 48%-ы отан...

Ерхат Есқалиев: КВИ-ді емдейтін дәрінің 48%-ы отандық өнім

Медицина 04.06.2021, 15:20 1,854
Ерхат Есқалиев: КВИ-ді емдейтін дәрінің 48%-ы отандық өнім
Сурет:Gorozhanin.info

Қазақстандық өндірушілер өмірлік маңызы бар дәрілерге жататын базалық препараттарды шығаруды жолға қойды.


 Бүгін өңірлерге коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды жеткізу мәселелері туралы "СҚ-Фармация" ЖШС-нің Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айтып берді деп хабарлайды Almaty-aksnamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


 ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев еліміздің медициналық ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және айтып берді.


 «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьютор ретінде ТМККК, МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық ұйымдар мен республика халқын дәрілік заттармен қамтамасыз етеді, сонымен қатар дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру арқылы фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз етеді.


 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС енгізілуіне байланысты 700 мыңға жуық сақтандырылған халық амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қол жеткізді.


 



«Бірыңғай дистрибьютордың басты міндеті - дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесі сұраныстың өзгеруіне жедел және нақты жауап бере алатындай, кез-келген төтенше жағдайда икемді және ең алдымен азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған жұмысты ұйымдастыру. Өйткені олар – біздің басты серіктесіміз», - деді Ерхат Есқалиев.


Ол бүгінде өңірлерде халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың төрт түрін таңдау мүмкіндігі бар екенін еске салды.



Осылайша, «Спутник V» вакцинасы 10 миллион 280 мың доза көлемінде (ҚФК және РФ өндірген) сатып алынды, оның ішінде ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап өңірлерге бірінші компоненттің 1,9 млн. дозасы және екінші компоненттің 1,4 млн. дозасы жөнелтілді. 10 маусымға дейін бірінші компоненттің 1 млн 200 дозасын және екінші компоненттің 525 мың дозасын жөнелту аяқталады. QazCovid-in (QazVac) вакцинасы 2 млн. доза көлемінде сатып алынды. Өңірлерге 100 мың доза жеткізілді.


Келесі жеткізілім маусым айының соңына дейін жоспарланған. Hayat-Vax 1 млн. доза көлемінде сатып алынды және өңірлерге жөнелтілді. Бұдан басқа, өндіруші Sinovac Biotech компаниясы болып табылатын Coronavac вакцинасының 500 мың дозасы сатып алынды. Өңірлерге жеткізу 12 маусымнан кейін күтілуде.



«Осылайша, бүгінгі таңда өңірлерге COVID-19 вакцинасының 4 млн 400 дозасы жеткізілді. Вакциналарды аймақтарға бөлу ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылады», - деп атап өтті «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басқарма Төрағасы. 



Бұдан басқа, Бірыңғай дистрибьютор вакцинация жүргізу үшін 19,8 млн. шприц сатып алды, оның ішінде Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына 11,4 млн. шприц жеткізілді.


Ерхат Есқалиев қоймалар мен логистика процестерінің жұмысын ұйымдастыру кезінде фармацевтикалық препараттардың қауіпсіздігі мен сапасы бірінші кезекте маңызды екенін атап өтті. COVID-19 вакцинасы және Ұлттық егу күнтізбесінен 19 вакцина келіп түскен кезде сақтау жағдайларының әртүрлі температуралық көрсеткіштері болғандықтан, «салқындату тізбегінің» сақтау мониторингіне ерекше назар аударылады.



«Егер салқындату тізбегінің кем дегенде бір кезеңі бұзылса, вакцина жойылуы керек. Іс-шаралар барлық кезеңдерде жүзеге асырылуы тиіс: оларды фармацевтикалық зауытта дайындаудан бастап, вакцинаны нақты пациентке жеткізуге дейін. Вакциналарды тасымалдаудың барлық деңгейінде ілеспе құжаттарда температура көрсеткіштерін тіркеу жүргізіледі», - деп сендірді Ерхат Есқалиев.



Отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту туралы айта келе, «СҚ-Фармация» ЖШС-нің басшысы Үкімет саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарын іске асыруда екенін, оған сәйкес өз өндірісінің үлесі 50%-ды құрайтынын хабарлады. Бірыңғай дистрибьютор оны іске асыруға белсенді қатысады. Осылайша, бүгінгі таңда қазақстандық өндірушілер ДДСҰ жіктеуі бойынша өмірлік маңызды дәрілерге жататын базалық препараттарды шығаруды жолға қойды. Мысалы, коронавирусты емдеу хаттамасына кіретін дәрі-дәрмектердің 48%-ы отандық өнімдер болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Магнитная буря #Буря #Қазақстан #кви #маска #здоровье #Казахстан #вакцина #екпе #дәрі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);