AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерекше нөмір үшін ерекше қаржы

Ерекше нөмір үшін ерекше қаржы

Әлеумет 10.02.2022, 17:24 1,306
Ерекше нөмір үшін ерекше қаржы
baq.kz

Қазақстандықтар VIP нөмірлерге 6 миллиард теңге жұмсаған




Қазақстандықтар VIP нөмірлерге 6 миллиард теңге жұмсап, 2021 жылы 20 мыңнан астам қазақстандық әдемі нөмірлерге ие болған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.




Өткен жылы қазақстандықтар жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге жоғары сұранысқа ие немесе VIP деп аталатын нөмірлерді сатып алған. Автокөлік иелері 2020 жылмен салыстырғанда әдемі нөмірлерді көбірек рәсімдей бастаған, ол кезде 3,9 млрд теңгеге 12 616 нөмір алынған болатын, – делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



2021 жылы VIP нөмірлерге ең көп қаражатты алматылықтар жұмсаған: 2,2 млрд теңгеге 6882 нөмір алынған. Екінші орында шымкенттік автокөлік иелері  818 млн теңгеге 3190 нөмір сатып алса, 667 млн теңгеге 2231 нөмір алған нұрсұлтандықтар үштікті түйіндеген.


VIP нөмірлерге Солтүстік Қазақстан облысында сұраныс аз. Өткен жылы онда 45 млн теңгеге барлығы 169 ерекше нөмір тізбегі сатып алынған.



Сандар мен әріптердің комбинациясына байланысты VIP-нөмірлердің бағасы 174 591 теңгеден басталады, ең қымбаты 872 955 теңге тұрады, – делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарламасында.



Мемлекеттік корпорация өкілі нөмір иесі ерекше нөмірлер тізбегін үшінші тарапқа сыйлай да, сата да алмайтынын айтты.



Егер көлік сатылса, нөмір иесі оны жаңа көлік сатып алғанға дейін мамандандырылған ХҚО-да 6 ай сақтай алады, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #нөмір #қаржы #шығын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);