Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ерекше балалардың ата-аналарына тіл тигізген блоге...

Ерекше балалардың ата-аналарына тіл тигізген блогерге айыппұл салынды

Заң мен тəртіп 02.12.2025, 17:33 310
Ерекше балалардың ата-аналарына тіл тигізген блогерге айыппұл салынды
Сурет: видеодан скрин

Астаналық блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бейнематериал жариялап, онда қоғамға және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорлап, бейәдеп сөздер айтқан.

Астана полициясы атышулы блогерді ұстап, әкімшілік іс қозғағанын бұған дейін хабарлаған едік.

2025 жылғы 2 желтоқсанда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан азаматша О.-ға қатысты іс түсті. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі - ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тартылды.

Іс материалдарына сәйкес, О. Instagram парақшасында видео жариялап, онда қоғамға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты қорлайтын, бейәдеп сөздер айтқан. Бұл әрекет қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған. Бұл іс қылмыстық тергеуге жатпайды, тек әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралады.

Сот отырысында О. бейәдеп сөз қолданғанын мойындады, бірақ «балаларды қорлау ниетім болған жоқ» деп түсіндірді.

434-бап бойынша мынадай жаза қарастырылған:

20 АЕК айыппұл;

немесе 20–60 сағат қоғамдық жұмыс;

немесе 5–15 тәулікке қамау.

Алайда заң бойынша 14 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге қамау қолданылмайды.

- О.-ның 2016 жылы туған баласы бар екені расталды. Сот оның баласы бар екенін жеңілдететін мән-жай деп танып, жауаптылықты ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ. Сот шешімімен О.-ға 20 АЕК, яғни 78 640 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ, - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, даулы бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды. Әйел өз бейнежазбасында ерекше балалардың дүниеге келуін "азғындық" және ата-анасына жіберілген "жаза" деп айтқан. Бұл ерекше бала өсіріп отырған ата-аналардың наразылығын тудырмай қоймады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#блогер #Айыппұл #Тіл тигізу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі