AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Астанада ерекше балалардың ата-аналарын қорлаған б...

Астанада ерекше балалардың ата-аналарын қорлаған блогер ұсталды

Заң мен тəртіп 02.12.2025, 12:30 740
Астанада ерекше балалардың ата-аналарын қорлаған блогер ұсталды
Сурет: видеодан скрин

Астана полициясы әлеуметтік желіде мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарын қорлаған блогерді ұстады.

Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды және материалдарды сотқа жолдауға дайындап жатыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Еске сала кетсек, даулы бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды. Әйел өз бейнежазбасында ерекше балалардың дүниеге келуін «азғындық» және ата-анасына жіберілген «жаза» деп айтқан. Бұл ерекше бала өсіріп отырған ата-аналардың  наразылығын тудырды. 

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева видеоға қатысты Ішкі істер министрлігіне құқықтық баға беруді сұрап, өтініш жіберген.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.

- Блогердің ерекше балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздері бар бейнежазбаны интернет кеңістігінде тарату фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жарияланым авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар жиналды, олар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі, - деп хабарлады полиция.

Астана қаласы полиция департаменті интернетте қорлайтын материалдарды таратқан адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланатынын еске салды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #блогер #қорлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында 1 520 оқушы орны ашылды

Бүгін 15:29

Алматының Жетісу ауданында 40 көше жөнделеді

Бүгін 15:26

«QAZ TALKS» АЛАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін 15:23

Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Бүгін 15:20

ҚазҰУ-да биотехнологияның болашағы мен даму перспективалары талқыланды

Бүгін 15:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);