Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерболат Досаев: Тұрғындар үшін еңбек етеміз

Ерболат Досаев: Тұрғындар үшін еңбек етеміз

Әлеумет 07.03.2024, 06:12 954
Ерболат Досаев: Тұрғындар үшін еңбек етеміз
almaty-akshamy.kz

Сұрақ:
Бостандық ауданында өткен кездесуде тұрғындар Бұқар жырау бульвары мен Есентай өзенінің қиылысында жоспарланған тұрақтың құрылысына қатысты сұрақ қойды. 


«Біз жобаны көрген жоқпыз және ТЖ кезінде скверсіз және жиналатын орынсыз қаламыз ба деп қорқамыз. Бос, жасыл кеңістік қала ма?».


Жауап:
Алматы әкімі 200 көлікке арналған көп деңгейлі автотұрақ салу қажеттігін атап өтті, өйткені аталған ТҮК ауласы мен Бұқар жырау бульварында көлік көп. Бұл жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі машиналарының өтуіне кедергі келтіреді. Жоба аула мен бульварға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, ТЖ кезінде жасыл аймақтар мен жинау орны қарастырылған. Учаске коммуналдық меншікте, сондықтан әкімдік жобаға сәйкес құрылыстың барысын қатаң қадағалайды.


«Қала мен оның тұрғындары үшін жұмыс істеп жатқанымызды білесіз. Қала алға жылжып, дұрыс дамып келеді. Біз бірнеше жыл бойы қордаланған түйткілді мәселелерді шешуге тырыстық. Қалаға тиесілі аумақтарда жасыл аймақтар мен ойын алаңдары құрылады. Былтыр скверлер мен саябақтар үшін 37 млрд теңгеге жер сатып алынды, биыл тағы 45 млрд теңгеге жер телімдерін сатып алуды жоспарлап отырмыз. Қаланың қажеттілігі елеусіз қалмайды. Ақылға қонымды теңгерім қалпына келтіріледі», - деп Ерболат Досаев екі мыңыншы жылдардың басында жекешелендірілген учаскелер тұрғындар үшін сатып алынатынын атап өтті. 


Бұған дейін, Бостандық ауданын дамыту жөніндегі баяндамада қала әкімі Абай және Гагарин даңғылдарының қиылысында ауданы 1 га учаскені абаттандыру жалғасып жатқанын хабарлады. Биыл тамызда балалар және спорт алаңдары, иттерді серуендету аймақтарын салу, демалуға арналған орындықтар орнату және суару жүйесі бар жасыл желектер аяқтау көзделген. 


Бұған қоса, биыл Тұңғыш Президент саябағын, «Атакент» ҚІЫО аумағын және «Южный» саябағын қайта құру мен абаттандыру аяқталады. Сонымен қатар, цирк алдындағы, Мұстафин көшесінің бойындағы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер сарайының алдындағы субұрқақтар күрделі жөндеуден өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бостандық #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Кеше 21:18

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Кеше 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Кеше 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Кеше 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Кеше 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі