AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жаңа үлгідегі ақылды қалалық көмекші іске...

Алматыда жаңа үлгідегі ақылды қалалық көмекші іске қосылды

Алматы Бүгін 14:02 33
Алматыда жаңа үлгідегі ақылды қалалық көмекші іске қосылды
Алматы әкімдігі

Қазіргі уақытта Алматыда 31 смарт тақта орнатылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда қаланы танып-білуге, көрікті жерлерді табуға, мәдени іс-шаралар туралы ақпарат алуға және қажетті мәліметтерді білуге көмектесетін Jerry атты жаңа цифрлық сервис іске қосылды. Бұл көшелерде орнатылған интерактивті смарт тақталар. Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, жобаны қазақстандық CITIX компаниясы Visit Almaty ұйымымен бірлесіп жүзеге асырды.

Қазіргі уақытта Алматыда 31 смарт тақта орнатылған. Олар Терренкурда, Республика сарайының маңында, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында, Панфилов және Төле би көшелерінде, Есентай мен Кіші Алматы өзендерінің жағалауларында, метро бекеттерінің, Орталық әмбебап дүкені мен Орталық мемлекеттік музейдің жанында орналасқан. Жақын арада тағы төрт құрылғы орнату жоспарланып отыр.

Смарт тақталар арқылы жақын маңдағы дәмхана, дәріхана, музей, дүкендер мен қоғамдық көлік аялдамаларын табуға болады. Жүйе құрылғының орналасқан жерін ескеріп, қажетті бағытты, оған дейінгі қашықтық пен жолға кететін уақытты көрсетеді.

Туристерге арналған дайын серуен бағыттары, көрікті орындар топтамасы және қаладағы концерттер, спектакльдер, көрмелер мен фестивальдер туралы ақпарат ұсынылған. Сервис қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Оны пайдалану тегін әрі тіркелуді қажет етпейді.

Смарт тақталарда Алматы тарихына арналған жеке бөлім де бар. Qalam Media-мен бірлесіп әзірленген жоба аясында қаланың архивтік фотосуреттері сол орындардың қазіргі көрінісімен салыстырылған. Осы арқылы келушілер таныс көшелер мен ғимараттардың ондаған жыл ішінде қалай өзгергенін көре алады.

Сондай-ақ смарт тақталардан 102, 103 және 112 шұғыл қызметтерінің байланыс нөмірлері, құжат жоғалған жағдайда не істеу керектігі және медициналық көмек алу тәртібі туралы ақпарат табуға болады. Экрандарда ауа райы мен ауа сапасы туралы мәліметтер де көрсетіледі. QR-код арқылы бағыттар мен өзге де ақпаратты смартфонға жіберу мүмкіндігі қарастырылған.

Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейтованың айтуынша, туристер санының артуына байланысты цифрлық сервистерді дамыту өзекті бола түскен.

«Біз үшін жоғары көрсеткіштерді сақтап қана қоймай, шаһар қонақтарына бұдан да қолайлы жағдай жасау маңызды. Туристер санының артуына байланысты заманауи туристік инфрақұрылым мен қолжетімді цифрлық сервистерді дамыту айрықша мәнге ие. Jerry жобасы туристерге көрікті жерлермен өз бетінше танысуға, серуен бағыттарын жоспарлауға және Алматыны аралау кезінде қажетті ақпаратты сол жерде алуға мүмкіндік беретін қосымша құралға айналады», – деді Ғалия Тоқсейтова.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматыға 2,5 миллионға жуық турист келген. Оның ішінде 754 мыңы – шетелдік қонақтар. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қала қонақ үйлері 1,14 миллион адамға қызмет көрсеткен. Ал осы саланың кірісі 53,1 миллиард теңгеге жеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді – Тоқаев

Бүгін 13:58

Тоқаев: «Мемлекеттің беделі артқан сайын, мемлекеттік тілдің де абыройы күшейеді»

Бүгін 13:50

Тоқаев: «Конституциямызда еліміздің тамыры терең тарихы мен бітім-болмысы, болашақтағы бейнесі айқындалды»

Бүгін 13:39

Жылыту маусымында өрттің алдын алу жұмыстары тұрақты бақылауда болуы керек — Премьер-министр

Бүгін 13:32

Президент: «Мазмұны айрықша Конституция Әділетті Қазақстанды құру ісіне заң тұрғысынан жол ашты»

Бүгін 13:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);