AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерболат Досаев: Алматыда ҚТҚ жинаудың заманауи тех...

Ерболат Досаев: Алматыда ҚТҚ жинаудың заманауи технологиялары енгізіледі

Әлеумет 06.12.2024, 15:27 536
Ерболат Досаев: Алматыда ҚТҚ жинаудың заманауи технологиялары енгізіледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2025 жылы Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау инфрақұрылымын модернизациялау аяқталады
 
"Таза Қазақстан" жалпы республикалық бағдарламасы аясында 2025 жылы Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау бойынша инфрақұрылым толығымен жаңарады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық мәслихаттың 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті қабылданған сессиясы барысында хабарлады. 

ҚТҚ инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды жобасы экологиялық жағдайды жақсартуға, қала тұрғындарының жайлылығын арттыруға және санитарлық тазалаудың заманауи стандарттарына сәйкес келуге бағытталған.  Модернизацияның негізгі кезеңдерінің бірі-жағымсыз иістердің пайда болуына және құстардың немесе қаңғыбас жануарлардың қол жетімділігіне жол бермейтін тереңдетілген  контейнерлердің санын көбейту (көлемі 3 м3).   

Бүгінгі таңда Алматыда 1 454 контейнер алаңында орналасқан 8 мыңнан астам контейнер қолданыста. 2023 жылы 42 алаңда 214 контейнер орнатылды, ағымдағы жылы мұндай контейнерлер саны 786 бірлікке өсті. 2025 жылы 581 алаңға тағы 1 683 контейнер орнатылады.  

Тағы бір кезең - пластикалық еуроконтейнерлерді сатып алу: 2024 жылы көлемі 1,1 м3 болатын 1 800 контейнер сатып алынды, 2025 жылы тағы 1 000 контейнер сатып алу жоспарлануда.   
 
"Қалада 2012 жылы құрылған ҚТҚ жинау инфрақұрылымының әбден тозуы және "моральдық" ескіруі байқалады. Сондықтан, 2023 жылдан бастап оныбарынша жаңғырту жүргізілуде. Қазірдің өзінде 1 мың  тереңдетілген  контейнер мен 1,8 мың еуроконтейнер жаңартылды. 2025 жылы тағы 2,7 мың жаңа контейнер орнату арқылы қала бойынша барлық контейнерлік алаңдарды толық жаңғырту аяқталады", - деді Ерболат Досаев.  

Сонымен қатар, қоқыс таситын көліктердің күнделікті желіге шығуы 2023 жылғы 70% - дан 2024 жылы 85% - ға дейін өсті, 2025 жылы 95% - ға дейін жеткізіледі. 
 
Осылайша, 2025 жылы жаңартылған контейнерлік алаңдардың үлесі 100% - ға жетеді.  Бұл шаралар қалдықтарды жинау тиімділігін арттырып қана қоймай, қоқысты бөлек жинау және қайта өңдеу қағидаттарын одан әрі енгізу үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Алматы #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика