AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерболат Досаев - Алматы үшін жедел қоғамдық көлікт...

Ерболат Досаев - Алматы үшін жедел қоғамдық көлікті дамыту басымдық болып табылады

Әлеумет 18.10.2024, 14:06 1,126 Bakyt
Ерболат Досаев - Алматы үшін жедел қоғамдық көлікті дамыту басымдық болып табылады
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында метро құрылысы туралы сұраққа жауап беріп, жалпы қоғамдық көлікті дамыту туралы айтты. 

Ол батыс бағытта «Қалқаман» станциясынан кейін метро «Барлық» базарына дейін жалғасатынын, онда ірі көлік- ауысып отыру торабы құрылатынын атап өтті. 

«Сондай-ақ, әуежайға қарай тарту жобасы дайындалуда. Келесі жылы біз жұмыс қарқынын жеделдетуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, қаланың көлік қаңқасының Мастер жоспарына сәйкес метро, ЛРТ және БРТ сияқты  жылдам қоғамдық көлік біздің басымдығымыз болып табылады. Келесі жылы ірі жобаларды іске асыру басталады», - деді мегаполис әкімі. 

Ерболат Досаев қалада 700 мыңнан астам машина тіркелгенін және күн сайын облыстан 450 мыңға жуық машина қалаға кіретінін атап өтті. 

«Яғни, жолдарда миллионнан астам көлік жүреді. Біздің міндетіміз - дамыған қоғамдық көлікті жасау. Адамдар жеке көлікке емес, автобусқа немесе метроға таңдау жасауы тиіс. Сондықтан, шын мәнінде дамыған қоғамдық көлік  мобильділікті, қауіпсіздікті, жайлылықты арттырып, экологияны жақсарта алатынын көргенде алдағы екі жыл шешуші мәнге ие болады», - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ерболат Досаев #Алматы #автобус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Таеквондодан Қазақстан Чемпионатының алғашқы жеңімпаздары марапатталды

Бүгін 11:12

Qazaq Oil ірі жанармай құю желісін ашты

Бүгін 11:09

Іңкәр Бауыржан Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды

Бүгін 10:48

«Талдау мектебі. Алматы» жобасының финалистері анықталды

Бүгін 10:41

Ақтауда тұңғыш рет кітап жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 10:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);