Ерболат Досаев – Алматы қоғамдық көлік үшін басымдықпен дамитын болады

Ерболат Досаев – Алматы қоғамдық көлік үшін басымдықпен дамитын болады almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты. 


Тұрғынның сұрағы:
- Райымбек даңғылында жоспарланған БРТ жобасын қайта қарау мүмкін емес пе? Оны Райымбек даңғылында жасамаңыз, мұнда базарлар бар, облыстан адамдар келеді.


Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:
– Біріншіден Райымбек даңғылының қалалық жол екенін түсіну қажет, тиісінше біз БРТ жобасын іске асыратын боламыз, өйткені қаланы дамыту қажет. Біздің басымдығымыз – қоғамдық көлік, бүгінде ол Райымбекте тиімсіз.


Айта кету керек, Райымбек даңғылы бойынша БРТ-ның жалпы ұзындығы 17 км құрайды, жоба сонымен қатар "Алтын Орда" көлік-ауысып отыру торабын (КАТ) құруды қамтиды.


Жобаны іске асыру кезінде қоғамдық көлікке бөлінген жолақтардың ұзындығы дәліз ұзындығынан 70%-дан 90%-ға дейін өседі, платформалары бар сол жақ жолақта бөлінген жолақтар пайда болады, ал қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы 70%-ға өседі. Осылайша, дәліздің бүкіл бойында қоғамдық көліктің басымдығы қамтамасыз етіледі, қарбалас сағаттағы орташа қозғалыс аралығы шамамен 5 минутты құрайды.


Жобаны 2 кезеңде іске асыру жоспарлануда.



  • Біріншісі – ағымдағы жылы Райымбек даңғылының Ахрименко көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі орталық учаскесінде бөлінген жолақтар реттеледі. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған. 

  • Екінші кезең батыс бөлікті қамтиды – Ахрименко көшесінен бастап "Барлық" базарына дейін, -2025-2026 жылдары іске асырылады. Сондай-ақ, осы кезеңде Райымбек даңғылын Пушкин көшесінен "Шығыс" көлікке ауысып отыру торабына дейін ұзарту жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:45

11:25

11:05

10:37

10:36

10:25

10:21

09:52

09:14

09:06

08:50

21:54

21:53

21:51

21:49

18:18

18:13

18:01

17:59

17:37

17:36

17:35

17:25

17:13

17:05