конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ерболат Досаев «Алматы-3» вокзалының құрылысы тура...

Ерболат Досаев «Алматы-3» вокзалының құрылысы туралы айтты

Әлеумет 06.10.2022, 07:32 1,221
Ерболат Досаев «Алматы-3» вокзалының құрылысы туралы айтты
Сурет: Travelcrimea.com

Қала дамуы керек.


Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғындары шаһар басшысы Ерболат Досаевпен кездесу барысында жаңа теміржол вокзалының құрылысына байланысты сүрілетін үйлер жайында сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Арнайы мақсаттағы жеке тұрғын үй құрылысына арналған мемлекеттік актке сәйкес жер телімдерін заңды түрде сатып алдық, бұл құжат 2014 жылдың бас жоспарына және 2019 жылдың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес келеді. Алайда, 2021 жылдың 31 желтоқсанында Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы бізге үйлеріміздің сүрілетінін хабарлады. Себебін қызыл сызықта орналасқан деп түсіндірді», - деді "Мәдениет" шағынауданының тұрғыны әкімге қойған сауалында.



Қала басшысының сөзіне жүгінсек, жоба дайын болғанда, арнайы талқылау болады.



 «Негізгі құжат - «Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспары», ол жыл соңына дейін қабылданады. Мен бұл бұрын қосылған аумақтар екенін түсінемін, ал сіз ол жерді сатып алдыңыз. Алайда қала дамуы керек. Тұрғындар біз газбен қамтамасыз ете алмайтын, технологиялық талаптарға сай келмейтін жерлерге үй тұрғызған. Мен бас жоспар бойынша ережелерді мүмкіндігінше тиімді қайта қарау туралы тапсырма бердім. Жоба дайын болған кезде, біз оны көрсетеміз, бірге талқылаймыз және шешім қабылдаймыз», - деді әкім.



Әкімнің айтуынша, қала дәл осы ауданда қарқынды дамып келеді.



«Егер үйлеріңіз сүрілген жағдайда, нарықтық құны бойынша өтейміз», - деді Ерболат Досаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #вокзал #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңартылған конституция қазіргі заманның үдесінен шығады

Бүгін 10:09

Алматыға әлемдік брендтер келіп жатыр: Қазақстандағы алғашқы ресми LEGO Store дүкені ашылады

Бүгін 10:03

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам басты — Олжас Бектенов

Бүгін 09:18

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:14

Тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды – Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Бүгін 08:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);