Ерболат Досаев әкім болған үш жылда Алматыда не өзгерді?

  • 09:26, 24 мамыр 2025
Ерболат Досаев әкім болған үш жылда Алматыда не өзгерді? Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы — елдегі ең күрделі, саяси белсенділігі жоғары қалалардың бірі. 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларынан кейін, 31 қаңтарда Ерболат Досаев қала әкімі болып тағайындалды. Оның алдында тұрған басты міндет — дүрбелеңнен кейінгі қаланы қалпына келтіру болды. Бұл — оңай тапсырма емес. Үш жыл ішінде Досаев қандай бастамаларымен есте қалды? Толығырақ aqshamnews.kz материалында. 

Экономика: 2 триллион теңгеден асқан бюджет

Ерболат Досаевтың әкімдікке келгелі Алматы экономикасында біраз өзгеріс болды. 2025 жылы қаланың бюджеті алғаш рет 2,2 трлн теңгеден асып, 2022 жылмен салыстырғанда 2,1 есе өсті. 

2024 жылы жан басына шаққандағы ЖӨӨ 27 557 АҚШ доллар болып, 9,4%-ға артты. Алматы - инвестиция үшін елдегі ең тартымды өңірлердің бірі. Қалада құны 1,5 трлн теңге болатын 95 жоба іске асырылып жатыр, 2025 жылы 473 млрд теңгеге 33 жоба жүзеге асып, 10 мың жұмыс орны ашылады.

Шағын және орта бизнес (ШОБ) ЖӨӨ-нің 60,3% болып, негізгі жұмыс беруші сектор болып отыр – мұнда 972 мың адам еңбек етеді. 2025 жылғы мамырға қарай белсенді ШОБ саны 378,9 мыңға жетіп, 7,4%-ға өсті.

Алматы – жасыл қала

2025 жылдан бері қалада 2 мың ірі ағаш, 20 мыңнан аса көшет және 10 мың бұта отырғызылды. Кейінгі екі жылда 1 миллионнан аса жасыл желек егілді.

Заңсыз құрылыстармен күрес күшейіп, 2022 жылдан бері 88 нысан сүдірілді. Құрылысқа қатысты жаңа ережелер қабылданды – бұл қауіпсіз және жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында барлық ауданда аулалар жөнделіп, жарықтар, орындықтар мен алаңдар орнатылды, парктер мен жаяу жүргінші аймақтары абаттандырылды.

Демалыс орындары көбейді: өзен жағалауларында серуендеу аймақтары жасалып, қалада тәулік бойы жұмыс істейтін инклюзив кітапханалар ашылды. Қоғамдық орындарда өзіне-өзі қызмет көрсететін кітапханалар орнатылды.

Барлық жаңа нысандар әмбебап дизайн қағидаттарымен салынып жатыр – қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен ата-аналар үшін ыңғайлы.

Сайран су қоймасының жағалауы толық бейімделген. 2025 жылы 32,5 мың инфрақұрылым нысанының төлқұжаты жасалады, ал 2030 жылға дейін 3 100 әлеуметтік нысан инклюзия талаптарына сай бейімделмек.

Наурызда Наталья Сац атындағы театрдың ауқымды қайта жөндеу жұмыстары басталды.

Көлік және жол: BRT дәуірінің басталуы

Алматыда көлік жүйесін тиімді әрі қолжетімді ету үшін 2030 жылға дейінгі көлік мастер-жоспары қабылданды. Негізгі мақсат – қоғамдық көлікпен жүретіндердің үлесін 64%-ға жеткізу.

Кейінгі 3 жылда 2 мыңдай автобус жаңартылды, экологиялық автобустар үлесі 53,7%-дан 70%-ға өсті. 2025 жылы Райымбек даңғылы мен Желтоқсан көшесінде BRT (жеке жолақ) құрылысы басталды – бұл автобустардың қозғалысын жеделдетеді.

Жыл сайын қалада шамамен 250 шақырым жол жөнделеді.

Туризм: Алматы – шетелдіктердің №1 таңдауы

Алматы туризмінің қала экономикасына қосқан үлесі – 3,9%. 2024 жылы 2,34 млн турист келді (өсім – 14,8%), оның ішінде шетелдіктер – 686,3 мың адам (елге келген әрбір екінші шетелдік Алматыны таңдаған).

Туристік қызмет көлемі – 96,3 млрд теңге, ал қала бюджетіне түскен кіріс – 90,7 млрд теңге (2023 жылмен салыстырғанда 1,9 есе көп).

2025 жылы турист саны 2,5 млн адамға жетеді деп күтіледі. 

Әлеуметтік сала: мектеп автобусы мен "Шабыт" орталығы

Алматыда "Мектеп автобусы" жобасы іске қосылып, шалғай ауданнан 16 мыңнан аса оқушы мектепке қауіпсіз қатынау мүмкіндігіне ие болды. Мектептер бір ауысымды форматқа көшіп жатыр. Жаңа мектептер "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында және жергілікті бюджет есебінен салынып, қолданыстағы мектептерге қосымша құрылыс жүргізіліп жатыр. 

Бостандық ауданында – заманауи Оқушылар үйі, Алмалы ауданында – "Шабыт" балаларды дамыту орталығы ашылды.

Денсаулық сақтау саласында БМСК-ның бірыңғай стандарты енгізіліп, 4 алғашқы көмек орталығы және 1 емхана салынды. Жедел жәрдем автопаркінің тозуы 70%-дан 40%-ға дейін азайды. Кейінгі 3 жылда 103 жаңа жедел жәрдем көлігі сатып алынды.

Цифрландыру: үлкен қала – үлкен деректер

Алматы – Қазақстандағы IT-қызметтердің 52%-ын ұсынатын орталық. Қаладағы 50 мың бейнебақылау камерасы мен жасанды интеллект жүйесі – қауіпсіздіктің жаңа деңгейі. Бұл жүйе енді басқа өңірлерге де үлгі болып отыр.

Ерболат Досаев туралы не белгілі?

Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматыда дүниеге келді. 1987 жылы Алматыдағы Орымбек Жәутіков атындағы Республикалық физико-математикалық мектеп-интернатын бітірді. Кейін Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек өтілі

Ерболат Досаевтың қызметтік жолы 1997 жылы "Тұран Әлем Банкі" ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметімен басталған. Кейін осы жылы "АТФ Банк" ЖАҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған. 1998 жылы жас Ерболат Досаев ел премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалады.

  • 1998 жылы ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі лауазымын атқарған;
  • 2000 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
  • 2001 жылы Қазақстан Даму банкі директорлар кеңесінің төрағасы болған;
  • 2001–2003 жылдары ҚР Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы ретінде қызмет атқарған; 
  • 2003–2004 жылдары – ҚР қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; ҚР Ұлттық банкінің басқарма мүшесі;
  • 2004–2006 жылдары – ҚР денсаулық сақтау министрі;
  • 2006–2012 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • 2012 жылғы 25 қыркүйектен бастап – ҚР экономикалық даму және сауда министрі;
  • 2013 жылғы 16 қаңтардан бастап – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
  • 2014 жылғы 6 тамызда ҚР Президентінің № 880 жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
  • 2015 жылғы 30 сәуірде ҚР Президентінің № 5 жарлығымен ҚР ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды. 
  • 2016–2017 жылдары – "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басшысы.
  • 2017 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
  • 2017 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және жаңа технологиялар министрдің міндетін атқарушы Т. Тоқтабаевтың "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" № 824 бұйрығына сәйкес "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына сайланды. 
  • 2019 жылғы 25 ақпанда Елбасының жарлығымен ҚР Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды.
  • 2022 жылғы қаңтарда Алматы әкімі болып тағайындалған еді. 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:31

17:17

17:14

16:57

16:48

16:11

16:09

15:26

14:52

14:29

14:20

13:04

12:55

12:40

12:18

12:12

12:02

11:52

11:49

11:35

11:32

11:23

11:10

11:03