ffin.kz

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды Сурет: Inbusiness.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалды


Бұған дейін Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарған Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ақтөбе облысы аумағындағы мәслихаттар депутаттарының жиналысы бүгін сағат 14:00-ге бекітілді.


Күн тәртібіне Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру ғана енгізілді.


Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холлға екі кандидат келді. Олар - Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров.


Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәслихат депуттаттарына екі кандидатты таныстырып, кейін олар өз бағдарламасын ұсынды.


Кандидат Ералы Тоғжанов облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсетішін арттырып, кадр дайындау жұмысына баса мән беретінін айтты.


Сонымен бірге туристік әлеуетті дамыту жобаларын ұсынды. Әрі өңірде автомобиль жолдары сапасын жақсарту жобасын айтты.


Кандидат Асхат Шахаров та жол, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы саласын дамыту жолын ұсынды. Қала әкімі қызметіндегі Асхат Шахаров екі жылда шаһарда бірқатар іс қолға алынып, сәтті іске асқанын баса жеткізді.


Кейін дауыс беруге кезек келді. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 160 депутаттың 104-і Ералы Тоғжановтың кандидатурасына дауыс берді, ал 56-сы Асхат Шахаровты таңдады.


Осылайша Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.


Айта кетейік, ол 1963 жылғы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.


1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер.


Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы, Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы ретінде бастаған.


1988-2001 жылдары — Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, ҚР Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы, Қазақ мемлекеттік заң университетінің филиалының директоры.


2001-2006 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.


2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері жөніндегі комитет төрағасы.


2008-2017 жылдары — Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.


2017-2019 жылдары — Маңғыстау облысының әкімі.


2019-2020 жылдары — ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.


2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21