AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / eQonaq жүйесінің туризм саласы бойынша қыркүйек ай...

eQonaq жүйесінің туризм саласы бойынша қыркүйек айындағы негізгі көрсеткіштері

Әлеумет 21.10.2024, 15:13 1,285 Nursok82
eQonaq жүйесінің туризм саласы бойынша қыркүйек айындағы негізгі көрсеткіштері
ҚР Туризм және спорт министрлігі
eQonaq жүйесінің деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның туризм саласында айтарлықтай өсім байқалды.
 
Бүгінге дейін аталған жүйеде 460 652 заңды орналастыру орындары тіркелген. Бұл көрсеткіш шетелдіктердің отандық туризмге деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Жүйе іске қосылған сәттен бастап 3,3 миллионнан астам, ал биылғы қыркүйекте 140 мыңнан астам турист тіркелген, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сондай-ақ eQonaq жүйесінің мәліметтері бойынша, Қазақстанның әкімшілік орталықтары мен батыс өңірлері туристер үшін ең танымал бағыттар саналады. Елдер бойынша алып қарасақ, Қазақстанға қыркүйек айында ең көп турист Өзбекстаннан (40 452) келген. Кейінгі орындарға Ресей (34 650 турист) және Қытай (15 868 турист) жайғасқан.

Қазақстанға келген туристердің 39,1%-ы саяхаттау үшін, 28%-ы жеке шаруалармен, 10,3%-ы іскерлік кездесулер үшін, 4,6%-ы жұмыс мәселелері бойынша, ал 18%-ы өзге себептермен елімізге сапарлаған.

Туристердің жас ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, елге келетіндердің басым бөлігі 39 жасқа дейінгі азаматтар. Қыркүйек айында орналастыру орындарында болған шетелдік азаматтардың 69%-ы – ерлер, 31%-ы әйелдер.

eQonaq жүйесі туристік ағынды есепке алуды жалғастырып, Қазақстанда туризмді одан әрі дамыту үшін маңызды сараптамалық деректерді ұсынады.15614:05
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#турист #қонақ #табиғат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);