AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Энергетиканың дамуысыз ел экономикасының дамуы мүм...

Энергетиканың дамуысыз ел экономикасының дамуы мүмкін емес

АЭС: Референдум 18.09.2024, 12:36 695 Bakyt
Энергетиканың дамуысыз ел экономикасының дамуы мүмкін емес
aes2024.kz
 

Атырау облыстық халықтық штаб өкілдері АЭС құрылысы бойынша Атырау медицина колледжі ұжымымен кездесті.

Кездесуге ақпараттық үгіт-насихат жүргізетін жұмыс тобының мүшелері Айбар Ерекешов, Түркменбай Нұржігітов, Нұрбол Құрман және Фатима Тулееова қатысты. Олар алдағы 6 қазанда өтетін республикалық референдумның маңыздылығына тоқталды.

«Біз реформаларды нақты қадамдармен кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеміз. Басты мақсат — әрбір азамат пен отбасының реформалар игілігін сезінуі. Референдум — бұл әр азаматқа өз елінің болашағына қатысты шешім қабылдауға тікелей қатысу мүмкіндігі. Энергетиканың дамуысыз ел экономикасының дамуы мүмкін емес. АЭС салу жаңа кәсіпорындардың ашылуы, жаңа жұмыс орындарының құрылуы және экономикалық өсудің негізгі факторына айналады», — деді қалалық мәслихат депутаты Нұрбол Құрман.

Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаты Фатима Тулеева:

«Бүгінде көптеген инвестициялық жобалар бар. Қаржы бар, инвесторлар дайын. Алайда тұрақты энергия көздері жетіспейді. АЭС құрылысы еліміздің индустриализацияға өтуіне, шикізатқа тәуелділіктен арылуына ықпал етеді. Экономикалық тұрғыдан бұл елдің инвестициялық тартымдылығын арттырады», — деп атап өтті.

Кездесу барысында медицина қызметкерлері «АЭС-тің қандай қауіптері болуы мүмкін?», «АЭС құрылысының елге және аймаққа қандай пайдасы бар?», «Атом электр станциясын салуға қанша уақыт кетеді?» деген сұрақтарына толық жауап алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#энергетика #референдум #Нұрбол Құрман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);