AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Энергетика саласынан — агроөнеркәсіпке ұмтылған жо...

Энергетика саласынан — агроөнеркәсіпке ұмтылған жол

Әлеумет 11.04.2025, 12:25 489 dulatbekova
Энергетика саласынан — агроөнеркәсіпке ұмтылған жол
Сурет: Gov.kz

Кәсіби жолын энергетика саласынан бастаған ол бүгінде Қазақстанның жаңа буын агроөнеркәсіптік кәсіпкерлерінің жарқын өкілдерінің бірі атанды.

2005 жылы Ниязалы Кентау көпсалалы колледжін «электроэнергетика» мамандығы бойынша аяқтап, кейін Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде білімін жалғастырды. Бірнеше жыл ірі компанияларда еңбек етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

2019 жылы жас маман аграрлық салаға толықтай бет бұрып, BNK GROUP LTD компаниясын құрды. Бұл компания бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жетекші холдингтердің бірі саналады.

BNK GROUP ауыл шаруашылығы өнімдерін, минералды тыңайтқыштарды, арнайы жабдықтарды жеткізумен айналысады және аграрлық өндірісте инновациялық технологияларды белсенді түрде енгізуде.

2023 жылы компания жаңбырлатып суғару машиналарын шығаратын зауытын іске қосты — бұл суару инфрақұрылымын дамыту мен өнімділікті арттыру жолындағы маңызды қадам болды.

Холдингтің ең ірі жобаларының бірі – 1200 бас ірі қараға арналған сүт-тауар фермасын салу болды. Бұл жоба сүт өндірісінің көлемін айтарлықтай арттырып қана қоймай, өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша BNK GROUP холдингі зор жетістіктерге қол жеткізді: жалпы инвестиция көлемі 24 миллион АҚШ долларын, ал жобаларға салынған жиынтық қаржы 26,6 миллиард теңгені құрады.

Ниязалы Бейсенбаев – тұрақты даму, технологиялық жаңашылдық пен елдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға басымдық беретін, прогрессивті әрі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкердің жарқын үлгісі. Оның оқиғасы жас фермерлерге шабыт береді және аграрлық сала – тек дәстүрдің жалғасы ғана емес, сонымен қатар жаңғырту мен экономикалық өсудің қуатты қозғаушы күші екенін дәлелдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#энергетика саласы #агроөнеркәсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);