Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Енді ұшақ 30 минутқа кешіксе билет құны қайтарылат...

Енді ұшақ 30 минутқа кешіксе билет құны қайтарылатыны рас па?

Мұны білген жөн 13.02.2026, 11:14 192
Енді ұшақ 30 минутқа кешіксе билет құны қайтарылатыны рас па?
Cурет: © Depositphotos/EvrenKalinbacak

Әлеуметтік желілерде «Ұшақ 30 минут кешіксе билет құны толықтай қайтарылады» деген ақпарат тарап жатыр. Оған сай, бұл өзгеріс жолаушылардың құқықтарына қатысты әуе компанияларына енгізілетін жаңа ережеге сай жасалады-мыс. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz ақпараттың растығын тексеріп көрді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Үкім: Жалған

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қаңтардың аяғында болған қоғамдық палатаның отырысында Ресейдегі әуе тасымалына қатысты «30 минут» практикасын мысалға келтірді. Кейін 26 қаңтарда Facebook-те Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевпен болған кездесуде бұл практиканың Қазақстанға да керек екенін айтып, ұсынғанын мәлімдеді. Дегенмен бұл тек ұсыныс қана, ешқандай заңға өзгеріс енгізіліп, түзетулер жасалған жоқ. Ал Ресейде бұл ереже 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

Депутат мәлімдемесінен кейін Қазақстандық бірқатар сайт мен парақша «Ұшақ 30 минутқа кешіксе, билет құны қайтарылады» деген тақырыпта жаппай жаңалық жаза бастады. Әбенов министрмен кездесуден кейін бұл мәселені депутаттармен талқылап, алдағы уақытта заңға түзетулер енгізілетіні туралы мәлімдеді.

Ал қазіргі «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңының 86-бабы, 2-тармағына сәйкес, тасымалдаушының кінәсінен рейс 5 сағаттан астам кешіксе жолаушыға билеттің толық құнын қайтаруға міндетті.

Мұрат Әбенов қандай мәселе көтерді?

23 қаңтарда мәжілістің бірқатар депутаттары «Жолаушылар тасымалы саласындағы авиациялық қызмет мәселелері туралы» қоғамдық палатаның отырысын өткізді. Отырыста Азаматтық авиация комитетінің төрағасы 2025 жылды қорытындылап, баяндама жасады. Соңында сөз сөйлеген Мұрат Әбенов қайтарылмайтын билеттер мен әуе компаниясы ұсынған тарифтер жайынды пікір білдіріп, сынға алды. Оның ішінде «қайтарылмайтын билет» тарифі, ваучер мен билет құны жайында мәселе көтеріп, бизнес мүдделері қарапайым азаматтардың мүддесінен жоғары түратынын атап өтті. 26 қаңтарда Facebook-те осы жөнінде көлемді пост жазып, Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевпен болған кездесуде бірқатар пункты ұсынғанын жеткізді. Олардың арасында мынадай ұсыныстар бар:

  • Шартта барлық талаптар нақты жалыуы тиіс;
  • Overbooking үшін айыппұл салынады, азаматтар 1000 АҚШ долларына дейін өтемақы алуы тиіс;
  • Әуе компанияларына рейсті кешіктірсе, бортты ауыстырса және багажды кешіктірсе айыппұл салынуы тиіс;
  • Билет ақысын ваучер жүйесімен қайтаруды толығымен жою және билет құнын 7 күн ішінде тек ақшамен қайтаруы керек;
  • Әуе компаниясы рейсті 30 минутқа кешіктірсе билет құнын толық өтеуге тиіс;
  • Кез келген айыппұлдар мен тарифтер компанияның ішкі құжаттарымен емес, Көлік министрлігі бекіткен тасымалдау ережелерімен негізделуі тиіс.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұшақ #кешігу #ақша #билет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әбиба Әбужақынова германиялық брендтің амбассадоры болды

Бүгін 14:15

Италия музейінен құнды картиналар ұрланды

Бүгін 14:04

Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасалды

Бүгін 13:56

Әлеуметтік кәсіпкерлік – тұрақты дамудың маңызды тетігі

Бүгін 12:32

Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Бүгін 12:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика