AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Енді қой мен жылқы да сақтандырылады

Енді қой мен жылқы да сақтандырылады

Әлеумет 03.08.2021, 15:08 2,025
Енді қой мен жылқы да сақтандырылады
Сурет: Еgemen.kz

Былтырдан бері тек сиырлар ғана сақтандырылып келген. 


Мал аурудан, өрттен, жазатайым оқиғалардан өлсе, ұрылар сойып алса немесе жоғалып кетсе, сақтандыру арқылы шығынды өтеп алуға болатын механизм ұсынылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК саласындағы сақтандыру құралдарын дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда. Өсімдік шаруашылығындағы ылғалдың жетіспеушілігі мен артықшылығынан алқаптарды сақтандыру және мал шаруашылығындағы ірі қара малды сақтандыру бойынша қолданыстағы өнімдерге ұсақ қара мал мен жылқыларды сақтандыру қосылды. 2020 жылдан бері мал шаруашылығында тек сиырларды түрлі тәуекелдерден сақтандыру жұмысы атқарылып келген болатын.



Нарыққа ұсақ мал мен жылқыларды толық сақтандыруды қамтамасыз ететін жаңа өнімдер енгізілді. Оған барлық ықтимал тәуекелдер кіреді және салыстырмалы түрде құны да төмен. Малды қалыпты түрде сақтандыру аясында фермер малын өз шаруашылығының аумағында ғана түрлі тәуекелдерден сақтандыра алады. Сақтандырудың кеңейтілген түрі форматында фермер малын 5 км радиуста орналасқан көрші шаруашылықтардағы аурулардың өршуінен сақтандырады. 



Сақтандыруға жататын бас саны - кемінде 30. Сақтандырылатын мал санына байланысты сақтандыру тарифтерінің әртүрлі деңгейлері белгіленген, мәселен, жылқы үшін - 2,31-ден 6,46%-ға дейін, ұсақ мал үшін - 2,38-ден 6,16%- ға дейін. 



«Осы өнімдер бойынша сақтандыру сыйақыларын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау жұмыс жасайды. Ол ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандыруға және сақтандыру сыйқақысы сомасының 50%-ын субсидиялау арқылы сақтандыру шартын жартылай арзандатуға бағытталған. Осылайша, сақтандыру шартын жасасу кезінде фермер шарт құнының жартысын төлейді, қалған жартысын ол үшін оператор – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры төлейді» - деп атап өтті қордың Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Асқар Қалиев. 



Жүйеде Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің лицензиясы бар сақтандыру компаниялары ғана жұмыс істейді. Осы тәуекелдерді әлемдік сақтандыру нарығында «А» рейтингісі бар Халықаралық қайта сақтандыру компаниясы қайта сақтандыратын болады. Бұл сақтандыру тәуекелдері туындаған жағдайда кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 


Шарт жасасудан бастап төлемдерге дейінгі барлық рәсімдер фермердің электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы Qoldau.kz платформасында орналасқан Agroinsurance ақпараттық сервисінде жүргізіледі. Аталған өнімдер бойынша автоматтандыру ішінара болып табылады. Егер жануар ауырған жағдайда эпизоотиялық қызметтер іс-шараларын жүргізуі керек және олардың нәтижелері жүйеге жүктеледі.






 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл #шаруашылық #сиыр #Қой #жылқы #Субсидия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);