AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Енді Иранда хиджаб тағу міндеттелмейді: билік жаңа...

Енді Иранда хиджаб тағу міндеттелмейді: билік жаңа шешім қабылдады

Әлем 07.10.2025, 11:09 469
Енді Иранда хиджаб тағу міндеттелмейді: билік жаңа шешім қабылдады
uganka.ru

Иранда көп жылдар бойы қызу пікірталас пен наразылықтарға себеп болған міндетті хиджаб тағу мәселесінде маңызды өзгеріс қабылданды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. Қатаң ережелер жеңілдетіліп, әйелдерге қатысты бұрынғы шектеулердің күші жойылды.

Иранның Мақсатқа сәйкестік кеңесінің мүшесі Мохаммадреза Бахонардың мәлімдеуінше, енді хиджабты міндетті түрде тағу талабы жоқ. Оның айтуынша, хиджаб кимейтін әйелдерге айыппұл да, жаза да, заңдық шектеулер де қолданылмайды.

Бұл шешімнен кейін елдің көшелері мен қоғамдық орындарында хиджабсыз жүрген әйелдерді жиірек көруге болады. Әлеуметтік желіде әйелдердің еркін жүріп-тұруын көрсететін бейнежазбалар жылдам таралып, қызу талқыға түсті.

Бұған дейін не болды?

Иранда хиджаб заңына қарсы наразылықтар 2022 жылы ерекше өршіп кеткен болатын. Сол кезде 22 жастағы Махса Амини есімді жас қыз "дұрыс киінбеді" деген айыппен "ар-намыс полициясы" тарапынан ұсталған соң көз жұмған. Бұл оқиға бүкіл елді дүр сілкіндіріп, әйелдер көпшілік алдында хиджабтарын шешіп, тіпті өз-өздерін өртеуге дейін барған. Акцияларды басу кезінде 550-ден аса адам қаза тауып, мыңдаған азамат тұтқындалған еді.

Сол наразылықтар кезінде Тегерандағы Ислам университетінің студент қыздарының бірі қудалаудан қашып, тіпті көшеде іш киіммен жүрген еді.

Ирандағы бұл жаңа шешім әйелдер құқығы мен еркіндігі тұрғысынан тарихи қадам ретінде бағаланып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Иран #хиджаб
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Бүгін 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Бүгін 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Бүгін 18:18

Жаңа Конституцияның қабылдануы елдің болашағы үшін тарихи қадам болып табылады

Бүгін 18:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика