AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Енді АҚШ пен Еуропада тұратын қандастар елімізде к...

Енді АҚШ пен Еуропада тұратын қандастар елімізде кәсіп аша алады

Әлеумет 20.09.2024, 20:11 1,335
Енді АҚШ пен Еуропада тұратын қандастар елімізде кәсіп аша алады
Сурет: Astanatv.kz

Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Әлемде инвестициялар үшін бәсекелестіктің күшеюі аясында елдегі бизнес-иммиграцияны одан әрі дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біздің елде этникалық қазақтарды «Ата жолы» картасына тарту бойынша шаралар қолға алынды. Осы картаны алуға үміткерлердің географиясы кеңейіп келеді. Бүгінгі таңда Ресей Федерациясы, Германия, Қытай сияқты таяу шет елдермен қатар, «Ата жолы» картасын алуға АҚШ, Еуропалық Одақ елдерінің азаматтары – этникалық қазақтар да қызығушылық танытуда, - деді Ерболат Абулхатин.

Бүгінгі таңда «Ата жолы» картасын 57 этникалық қазақ алды. Оның ішінде сұранысқа ие мамандықтары бар 31 адам және 26 адам кәсіпкер. «Ата жолы» картасын алған этникалық қазақтар көбіне Астана және Алматы қалаларында тұрады.

Естеріңізге сала кетсек, «Ата жолы» картасы өз елдерінде сұранысқа ие кәсіптері бар немесе табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда кеңінен қолдануға ниет білдірген этникалық қазақтарға беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ата жолы #қандастар #Кәсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасы тұрақты бақылауда – Энергетика министрлігі

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);