AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбек адамдарын қолдау шаралары күшейтілді

Еңбек адамдарын қолдау шаралары күшейтілді

Әлеумет 09.09.2025, 12:21 1,044
Еңбек адамдарын қолдау шаралары күшейтілді
aqshamnews.kz

2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл бастама еліміздің білім беру жүйесі мен еңбек нарығына тың серпін беріп отыр.

Ең алдымен, өңірлерде жұмысшы кадрларды даярлаудың сапасын арттыруға бағытталған нақты жоспарлар қабылданды. Техникалық және кәсіптік білім беру саласына ерекше көңіл бөлініп, колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. Студенттерге арналған жаңа жатақханалар салынып, оқу орындары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Жастардың жұмысшы кәсіптерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектептерде кәсіби бағдар беру кеңінен жолға қойылды. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмысқа 2,5 миллионға жуық оқушы қамтылған. Сонымен қатар, дуалды оқыту жүйесі арқылы студенттер біліммен бірге тәжірибе жинақтауда. Ел бойынша 100 мыңнан астам студент кәсіпорындарда тәжірибеден өтуде, ал халықаралық стандарттарға сай оқу орталықтары ашылып, жастардың шеберлігін шыңдауға жол ашылды.

Жұмысшы мамандарға деген сұранысты қамтамасыз ету үшін жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді. Кәсіпорындардың тапсырысы бойынша оқыған түлектерге жұмысқа орналасу кепілдігі беріледі. Жыл сайынғы қабылдау жоспары да кеңейіп, қосымша 15 мың орын бөлінді. Нәтижесінде, биылдың өзінде мыңнан астам колледж түлегі еліміздің ірі кәсіпорындарында еңбекке кірісті.

Сонымен қатар, еңбек адамдарына әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілді. Жұмысшы мамандық иелері үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар іске қосылды. Бұл шара жастардың еңбекке ынтасын арттырып қана қоймай, елдің әлеуметтік тұрақтылығына да ықпал етпек.

Жұмысшы еңбегінің қадірін арттыру – мемлекеттің басты мақсаттарының бірі. Жаңа бастамалар жас ұрпаққа еңбекқорлық пен кәсібилік құндылығын дәріптеп, қоғамдағы жұмысшы мәртебесін биіктететіні сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек #кәсіпорын #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);