Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ең төменгі зейнетақы мен жәрдемақы стандарттары қа...

Ең төменгі зейнетақы мен жәрдемақы стандарттары қайта қаралады

Әлеумет 26.05.2022, 06:38 1,312
Ең төменгі зейнетақы мен жәрдемақы стандарттары қайта қаралады
Сурет: Tengrinews.kz

Ең жоғары және төменгі зейнетақы арасындағы айырмашылықты азайтамыз – Тамара Дүйсенова


Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Биыл сәуір айында әлеуметтік сала шығындары қосымша 4%-ға индекстелді. Сонда 40-50 мың теңге көлеміндегі зейнетақы 2 мың теңгеге ғана өссе, 300-400 мың теңгедегі зейнетақы 16 мыңға өскен. Бұл теңсіздікті қалай азайтпақ? Бұл қаражат ең төмен зейнетақы мен 1 миллионға жуық адамның табысының ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеруге қаншалықты мүмкіндік береді? Жалпы, индекстеуден кейін азаматтар төлемдердің өсуін барынша сезіну үшін ең төменгі әлеуметтік стандарттар әдіснамасын қайта қарау министрліктің жоспарында бар ма?» - деп сұрақ қойды Сенат депутаты Рысқали Әбдікеров министрге.



Өз кезегінде Тамара Дүйсенова зейнетақы және басқа әлеуметтік төлемдерді индексациялау инфляция дәлізіне қарай бюджеттік тәртіппен жасалатынын жеткізді.



«Ең төменгі зейнетақы, еңбекақы, жәрдемақы жөніндегі сіздің пікіріңізмен толық келісемін. Сондықтан Үкіметтің қазіргі жоспарының ішінде біздің де он шақты жоспарымыз тұр. Ең төменгі зейнетақыдан ең төменгі жәрдемақыға дейінгі стандарттарды қайта қараймыз. Қазір біз ұлттық және халықаралық сарапшыларды шақырып, жұмысты бастадық. Біраз ұсыныстарымызды даярлап жатырмыз. Соның нәтижесінде жұмыс тобы құрылады деп отырмыз. Сол жұмыс тобына өздеріңізді де шақырамыз», - деді ол. Министр шын мәнінде проблема бар екенін мойындайды. «Проблема бар. Бүгінде ең төменгі, орташа және жоғары зейнетақы арасында үлкен айырмашылық пайда болды. Ал ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қайта қарау арқылы осы айырмашылықты жөндейміз», - деді Т.Дүйсенова.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #айырмашылық #министр жауабы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика