AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ең танымал дзюдошы Алматыда жаттығу жасап жүр

Ең танымал дзюдошы Алматыда жаттығу жасап жүр

Әлеумет 22.01.2024, 08:58 1,283
Ең танымал дзюдошы Алматыда жаттығу жасап жүр
Сурет: Getty Images

Оның үлкен жарыс алдында неліктен Қазақстанды таңдағаны белгісіз


Дзюдодан Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы франциялық Тедди Ринер Алматыда жаттығу жиындарына қатысып жатыр. Бұл туралы оқу-жаттығуға қатысып жатқан дзюдошылардың бірі «Бірінші бол» тілшісіне мәлімдеген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Оның айтуынша, спортшы маңызды жарыс алдындағы дайындығын Алматыда пысықтауды жөн көрген. 35 жастағы Ринер Алматыға 18 қаңтар күні келіп, жоспар бойынша 30-на дейін жаттығу жұмыстарын жалғастырады.


Айта кетейік, француз спортшысы 2023 жылдың басында Алматыда оқу-жаттығу жиындарына қатысқан болатын. Сол жолы ол аса ауыр салмақтағы жиырмаға тарта Қазақстан дзюдошысымен спарринг жаттығулар өткізген.


Қазақстан дзюдошылары бұл жолғы оқу-жаттығу жиындарынан кейін Португалия және Парижде өтетін халықаралық жарыстарда бақ сынайды. Ал, Ринердің жаттығу алаңы ретінде неліктен Алматыны таңдағаны белгісіз.


Айта кететін жайт, Тедди Ринер Лондон және Рио олимпиадасында жекелей сын бойынша чемпион атанса, Токиода командалық құрамамен топ жарды. Сондай-ақ, Бейжің және Токио олимпиадаларында аса ауыр салмақта қола медальға ие болған. Бұдан бөлек, ол әлем біріншіліктерінде оннан астам рет чемпион атанды. Еуропа біріншіліктерімен қатар, көптеген халықтаралық Гран-при, Гранд-слэм бәсекелерінің жеңімпазы. Ринер 2010 жылдан 2020 жылдар арасында жүз елуден астам белдесуге дейін қарсыластарын жеңіп, рекорд орнатқан спортшы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дзюдо #спорт #оқу-жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді

Бүгін 16:52

Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Bahn компаниялар тобының басшыларымен кездесті

Бүгін 16:45

Алматылық оқушылар қарттарға құрмет көрсетті

Бүгін 16:45

Қоғам Тоқаевтың армияны реформалау туралы шешімін қолдайды  

Бүгін 16:40

Алматыда заңсыз жарнама құрылымдарын алып тастау жұмыстары жалғасып жатыр

Бүгін 16:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);