ffin.kz

Ең көп метро станциясы бар даңғыл

Ең көп метро станциясы бар даңғыл Сурет: Қ.Қоныспаев

Қала көшелерінің тарихы ел тарихымен сабақтас.


Қазақстан тарихындағы тұлғалар мен болған оқиғалар көше атауларына айналып кеткен.


Алматы қаласының көшелерін қала қонақтары мен туристер үшін таныстыру, көбірек мағлұмат беру мақсатында «Алматы көшелері» айдарын тұрақты түрде назарларыңызға ұсынамыз.


АБАЙ ДАҢҒЫЛЫ



Абай даңғылы Алматы қаласының Әуезов, Медеу, Алмалы, Бостандық, Наурызбай аудандарының аумағында орналасқан. Даңғыл – шығыстан батысқа қарай, Достық даңғылынан қала шекарасына дейінгі аралықта созылып жатқан қаланың басты магистральдарының бірі.


Даңғыл екі бағытты жол болып есептеледі, екі бағыттың ортасын ағаш, гүл, газон көмкерген алаңқай бөліп жатыр. Даңғылдың ұзындығы 15 шақырымнан асады.



Абай даңғылының бойында республикадағы ең ірі кітапхана – Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы және Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты орналасқан.



АТАУЫ


Бұл даңғылға 1960 жылғы 13 шілдедегі қаулы бойынша қазақтың ұлы ақыны, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының есімі берілген. Бұрын Арычная көшесі, Мичурин көшесі деп те аталған.


ДАҢҒЫЛМЕН ҚИЫЛЫСАТЫН КӨШЕЛЕР:


Достық,


Уәлиханов,


Назарбаев,


Байсейітова,


Желтоқсан,


Наурызбай батыр,


Сейфуллин,


Масанчи,


Байтұрсынұлы,


Байзақов,


Жандосов,


Абылай хан,


Әуезов,


Манас,


Жароков,


Айманов,


Гагарин,


Розыбакиев,


Тұрғыт Өзал,


Түркебаев,


Өтеген батыр,


Алтынсарин,


Саин,


Момышұлы,


Яссауи,


Әшімов,


Шұғыла.



Даңғылдың бойында 5 аспалы жаяу жүргіншілер жолы, 9 жер асты өткелі, 2 автомобиль көпірі бар.


АБАЙ ДАҢҒЫЛЫНДА СЕГІЗ МЕТРО СТАНЦИЯСЫ БАР:



Абай,


Байқоңыр,


Мұхтар Әуезов,


Алатау,


Сайран,


Мәскеу,


Сарыарқа,


Бауыржан Момышұлы.



Станциялардың ара қашықтығы 2,5 минут, тек Алатау мен Сайран станциясының ұзақтығы – 3 минут. Метроның интервалы таңғы, кешкі қарбалас кезінде 6 минут.




ДАҢҒЫЛ БОЙЫМЕН ЖҮРЕТІН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР:



№ 25, 30, 34, 57, 65, 66, 79, 92, 95, 98, 118, 120, 128 автобустар.



№ 5, 6, 19, 25 троллейбустар.



Қоғамдық көліктерде оқушы, студент, зейнеткерлер жеңілдікпен жолақының 50 % төлейді, басқалар үшін «Оңай» картасы немесе QR арқылы 80 теңге, ол болмаған жағдайда 150 теңге.




АБАЙ ДАҢҒЫЛЫНДА ОРНАЛАСҚАН КӨРНЕКТІ ҒИМАРАТТАР:



Республика Сарайы (1970 жылы. Сәулетшілер: В.Ю.Алле, В.Н.Ким, Ю.Г.Ратушный, Н.И.Рипинский, Л.Л.Ухоботов);



Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы - (1966 жылы. Сәулетшілер: В.Кацев, О.Наумова);



Орталық стадион - (1955-1967 жылдары, сәулетшілер: А.Қ.Қапанов, А.Я.Косов);



Неке сарайы (1971 жылы. Сәулетшілер: A.Леппик, М.Меңдіқұлов);



Ю.Лермонтов атындағы орыс драма театры (1969 жылы Сәулетшілер: B,П.Давыденко, Г.П.Горлышков);



Қазақ мемлекеттік циркі (1972 жылы Сәулетші: В.З.Кацев);



М.О.Әуезов атындағы қазақ драма театры (1980 жылы Сәулетшілер: О.Ж.Баймырзаев, М.Ф.Жақсылықов, А.С.Қайнарбаев).




ДАҢҒЫЛ БОЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН ОҚУ ОРЫНДАРЫ:



ҚМЭБИ (КИМЭП) - Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты. (1978 жылы. Сәулетшілер: Б.Воронин, Ким-Досен, Д.Мельников);



Қазақ Аграрлық университеті (1934 жылы. Сәулетші: В.Бирюкова),



Халықаралық бизнес академиясы,



Қазақтың спорт және туризм академиясы,


 


ЕСКЕРТКІШТЕР:



Абай ескерткіші (Мүсіншісі: Хакімжан Исмаханұлы Наурызбаев, 1960 жыл),



Мұқан Төлебаев ескерткіші,



Мұхтар Әуезов ескерткіші. (Мүсіншісі: Ескен Аманжолұлы Сіргебаев, 1980 жыл).


Спортшы қыз бен жігіттің ескерткіші (1967 жылы)




АБАЙ ДАҢҒЫЛЫНДАҒЫ САЯБАҚТАР:



Қиял әлемі



Family Park



AlemPark.




ДАҢҒЫЛ БОЙЫНДАҒЫ САУДА ОРЫНДАРЫ:



Promenade



Globus



Moskva



Тигрохауд.


 


Ақын Нұрсұлтан Әлімқұловтың сөзіне жазылған Мансұр Сағатовтың «Алматым менің» әнінің алғашқы шумағында осы Абай даңғылы аталған.


«Алматымда тұр алаулап,


Алтын нұры Айдың.


Жүрдің бе сен тамашалап,


Көшесінде Абайдың?»...


Еліміздің барлық аймағында, оған қоса әлемнің бірнеше қаласында Абай Құнанбайұлының атындағы көшелер бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:02

13:45

13:40

13:37

13:29

13:22

13:19

11:29

11:11

11:05

10:48

10:30

10:13

09:54

09:12

08:52

08:35

08:20

08:10

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15