AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ең көп жалақы алатын футболшылар тізімі жарияланды

Ең көп жалақы алатын футболшылар тізімі жарияланды

Спорт 22.09.2021, 06:59 3,073
Ең көп жалақы алатын футболшылар тізімі жарияланды
Сурет: Sportrbc.ru

Соңғы үш жыл бойы ең көп жалақы алатын футболшы атанып жүрген Лионель Мессиді бұл тізімде басып озғандар бар


Американың Forbes қаржы-экономикалық журналы 2021 жылдың ең көп жалақы алатын футболшыларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Forbes рейтингінде Мессиді португалдық шабуылшы Криштиану Роналду басып озды. «Манчестер Юнайтед» футбол клубына «Ювентус» клубынан ауысқан Криштиану Роналду бір жыл ішінде салықтан тыс 125 миллион доллар табыс тапқан. Сонымен бірге, ол «Манчестер Юнайтедке» ауысқаны үшін клубтан 70 миллион доллар жалақы мен үстемеақы алды. Ал қалған соманы серіктестік бағдарламалар мен Nike, Herbalife, Clear және өзінің кәсібі – әтір, іш киім, көзілдірік және басқа да тауарларды сату арқылы тапты.


Кейінгі үш жылда алғаш рет «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) футболшысы Лионель Месси екінші орынды иеленді. Forbes нұсқасы бойынша, ол бір жылда 110 миллион доллар табыс тапқан. Оның 75 миллион доллары  жалақысы. Футболшы француз клубына ауысқаны үшін алған сыйлықтың бір бөлігі оған криптовалютамен төленген. Аргентиналық шабуылшы қалған табысын Adidas, Pepsi, Jacobs & Co және Budweiser сағаттарымен 35 миллион долларлық жарнамалық келісім жасаған.


Ең көп жалақы алатын ТОП-10 футболшы:


Роналду – 125 млн доллар;


Месси – 110 млн;


Неймар  – 95 млн;


Килиан Мбаппе 43 млн;


Мохаммед Салах – 41 млн;


Роберт Левандовски – 35 млн;


Андрес Иньеста – 35 млн;


Пол Погба – 34 млн;


Гарет Бэйл – 32 млн;


Эден Азар – 29 млн.


Бұған дейін UFC  жекпе-жек шебері Конор Макгрегор Forbes журналы бойынша ең көп жалақы алатын спортшылардың тізімін бастаған болатын.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жоғары жалақы #спортшы #футбол #рейтинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қуыршақ театры Алматы күніне орай қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады

Бүгін 18:15

Астанада «Қазақы тазы» монотұқымдық көрмесі өтті

Бүгін 17:57

Алматыда Қала күніне орай алма жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін 17:38

Қала күніне орай Алматының бірнеше алаңында көрмелер өтіп жатыр

Бүгін 17:33

Үкіметте Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту барысы қаралды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);