конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Елорданың Орталық саябағында тәртіп пен тазалықты...

Елорданың Орталық саябағында тәртіп пен тазалықты сақтау бойынша кезекті рейд өтті

Заң мен тəртіп Бүгін 14:12 42
Елорданың Орталық саябағында тәртіп пен тазалықты сақтау бойынша кезекті рейд өтті

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоғамдық тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған күнделікті профилактикалық рейдтер өтіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кезекті іс-шара елорданың Нұра ауданындағы Орталық саябақ аумағында өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Рейдке аудан әкімдігінің қызметкерлері, Нұра аудандық полиция басқармасының өкілдері және еріктілер қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау және қала тұрғындары мен қонақтарының экологиялық жауапкершілігін арттыру.

Рейд барысында саябаққа келушілерге ескерту мазмұнындағы ақпараттық парақшалар таратылды. Сонымен қатар мамандар қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды арнайы жәшіктерге тастау және табиғатқа жанашырлықпен қарау қажеттігін түсіндірді.

«Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қана емес, экологиялық тәртіп мәдениетін қалыптастыру. Әсіресе жаз мезгілінде демалушыларды қоқыс қалдырмауға, табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырамыз. Жастар арасында түсіндіру жұмысына ерекше көңіл бөлеміз. Заңға және қоршаған ортаға құрметті жастайынан қалыптастыру өте маңызды», – деді Нұра аудандық полиция басқармасы қоғамдық тәртіп бөлімінің бастығының орынбасары Азамат Әжібаев.

Елорда тұрғыны Әділет Омаров мұндай бастамалардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Бүгін отбасымызбен табиғат аясында серуендеуге шықтық. Біз балаларымызға қоғамдық тәртіпті сақтап, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды үнемі үйретеміз. «Таза Қазақстан» жобасын әрдайым қолдаймыз, оның маңызын үйде балаларымызға да, жұмыста әріптестерімізге де түсіндіреміз. Елімізде заң мен тәртіп үстемдік құрып, қоғамда тыныштық орнап, табиғатқа жанашырлық әр адамның өмірлік ұстанымына айналса екен деймін», – деді ол.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Еске сала кетейік, «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясындағы профилактикалық рейдтер Астананың барлық алты ауданында тұрақты түрде өткізіліп келеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Онкологиядағы жаңа модель немесе медициналық көмектің заманауи тәсілдері

Бүгін 15:36

Ұлттық паркте орманды тәулік бойы бақылайтын жүйе іске қосылды

Бүгін 15:27

Өрттің 90%-на адамның өзі себеп болады - «Қазавиаорманқорғау»

Бүгін 15:11

Донат пен хайп үшін шектен шыққан 9 стример жазаланды

Бүгін 14:56

Алматыда Recycle Бірге акциясы аясында 430 сынапты шам жиналды

Бүгін 14:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);