AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елордадағы тұрғын үйлер студенттік жатақханаға айн...

Елордадағы тұрғын үйлер студенттік жатақханаға айналдырылмақ

Әлеумет 27.10.2021, 10:01 1,112
Елордадағы тұрғын үйлер студенттік жатақханаға айналдырылмақ
Inform.kz

Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үй нысандары студенттік жатақхана болып қайта бейінделеді, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.


ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері елордалық студенттердің тұрғын үйге қатысты мәселесін шешу үшін инвесторлармен тиісті келіссөздер жүргізді. Бүгінгі таңда 9 инвестор ғимараттарды қайта бейіндеуге дайын екендіктерін мәлімдеді.



«Біз салынып жатқан, сондай-ақ қолданысқа берілген тұрғын үй нысандары мен жатақхана ретінде пайдалануға болатын ғимараттарға бардық. Осы ретте тұрғын үйлердің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін егжей-тегжейлі қарастырдық. Нысандарды осы жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланған. Біз бұл мәселені, сондай-ақ студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін кешенді шешуді бақылауда ұстаймыз», — деп атап өтті ҚР БҒМ Қаржы орталығының ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин.



Сонымен қатар ҚР БҒМ студенттік жатақханаларды қайта құру қарқынын жеделдету үшін жаңа жағдайлар жасалды. Атап айтқанда, ғимараттарды жатақхана етіп қайта құру кезінде мемлекеттік тапсырыс мөлшері екі есеге жуық ұлғайтылды. Яғни, студент алған әрбір орын үшін 47 АЕК-тен 92 АЕК-ке дейін.


Бұл норма Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы объектілерге қатысты қолданылады. Мұндай жаңашылдық студенттік жатақханалар санын айтарлықтай арттыруға және білім алушылардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.


Бұл ретте аталған жатақханалар өзінің нысаналы мақсаты бойынша кемінде 20 жыл жұмыс істеуі тиіс.


Соңғы үш жылда елімізде 90-нан астам студенттік жатақхана пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін тағы 32 нысан қолданысқа беріледі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Елорда #студенттер #жатақхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Бүгін 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Бүгін 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Бүгін 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Бүгін 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);