AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Елордада сирек кездесетін ескі қолжазбалардың көрм...

Елордада сирек кездесетін ескі қолжазбалардың көрмесі ашылды

Тәуелсіздік-30 26.10.2021, 10:21 1,454
Елордада сирек кездесетін ескі қолжазбалардың көрмесі ашылды
Сурет: Facebook

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» атты көрме ұйымдастырылды


Қазақстан тарихынан сыр шертетін ескі жазба-деректерді зерттейтін ғалымдардың тапшылығы – бүгінгі күннің үлкен проблемасы. Бұл туралы белгілі тарихшы Тілеген Садықов Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» атты көрменің тұсаукесерінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Тарихшының айтуынша, елімізге қатысты құнды жәдігерлерді алыс-жақын шет елдерден жинау тарихымызды тереңірек білуге, ақтаңдақ беттерін қайта жазуға зор мүмкіндіктер туғызады. Бұл игі істердің болашақ ұрпақ үшін алатын орны ерекше болмақ.



«Қазіргі таңда бұл бастамасы ғана деп айтар едім. Меніңше, деректік материалды әлі толық игере алмауымыздың екі түрлі себебі бар. Біріншіден, осы тілді білетін, соны игеретін ғалымдардың, зерттеушілердің жеткіліксіз болуы. Кеңес дәуірінен орыс тілін білсең, киррилицамен жазғанды оқысаң сол жеткілікті деген ұғым қалыптасып қалған. Араб тілін жетік білу, парсы тілін жетік білу, түрікше жазылған материалдарды зерттеу - қазіргі ғалымдардың алдында тұрған үлкен міндет. Екіншіден, келіп жатқан деректердің, құжаттардың жағдайы бірдей емес, ішінде тозығы жеткені де бар», - деді тарихшы Тілеген Садықов.



Айта кетейік, елордада көпшілік назарына ұсынылған көрмеге қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында жинақталған Қазақстан тарихына қатысты сирек кітаптар, қазақ хандарының хаттары, карталар қойылған. Көрме желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#30 жылдық #құнды жәдігерлер #жазба-деректер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);