конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Елордада қазақ-неміс мектебі ашылады

Елордада қазақ-неміс мектебі ашылады

Саясат 16.09.2024, 17:35 1,297
Елордада қазақ-неміс мектебі ашылады
Cурет: Қазақстан халқы Ассамблеясы

Бүгін Астанада қазақ-неміс мектебі құрылысының басталуын білдіретін капсула салу рәсімі өтті.

Іс-шара ГФР канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапарына орайластырылып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Астанада қазақ-неміс мектебін салу жобасы Қазақстан Президентінің 2023 жылы ГФР-на сапары аясында қолға алынған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастықтың символына айналатын мектеп құру мүмкіндігін зерттеуді тапсырды.

Жобаны Қазақстан халқы Ассамблясының қолдауымен «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен Германия стандарттары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге көмектесетін Германия Федералды сыртқы істер министрлігі іске асыруда.

Мектеп 600 қазақстандық оқушыға неміс тілінде халықаралық білім беретін шетелдегі неміс мектептерінің жаһандық желісінің бір бөлігіне айналады.

Астанадағы қазақ-неміс мектебі елдегі және Орта Азиядағы неміс білім беру стандарттары бойынша оқыту жүргізілетін алғашқы мектеп болады. Оқу бағдарламасы бойынша мектепті бітірген түлектер Қазақстанда да, Германияда да мойындалған аттестат ала алады. Бұл оларға қосымша дайындық және қабылдау емтихансыз неміс жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Жоба бастамашыларының айтуынша, мектеп құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталып, ал 2026 жылы мектеп алғашқы оқушыларына есігін айқара ашады. Жоба Қазақстанда білім сапасын арттыруға ғана емес, екі ел арасындағы мәдениет және білім саласындағы байланысты нығайтуға да ықпал етеді деп күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ-неміс #мектеп #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Медеу ауданындағы Құрмет көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 19:11

Тоқаев тоғыз елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Кеше 18:45

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Мұратбаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:42

Қазақстанның атом саласын дамыту - энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Кеше 17:26

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Кеше 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);