Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Елордада Ескендір Хасанғалиевті еске алу концерті...

Елордада Ескендір Хасанғалиевті еске алу концерті өтті

Мәдениет 31.10.2021, 10:10 1,359
Елордада Ескендір Хасанғалиевті еске алу концерті өтті
Cурет: Inform.kz

Концерт елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды


Елордалық «Астана» концерт залында халық әртісі, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевті еске алуға арналған «Сағындым сені» концерті өтті. Іс-шара Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның үрмелі оркестрінің XXI концерттік маусымының ашылуына орайластырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Белгілі қазақстандық әнші-композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ КСР Халық әртісін еске алуға арналған музыкалық кеште әртістер Ескендір Хасанғалиевтің репертуарынан әндер орындады.


Кештің құрметті қонағы ретінде оның жары Дарико Хасанғалиева мен ұлы Біржан Хасанғалиев қатысты.


«Елорда әкімдігіне, сол сияқты ұйымдастырушыларға Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылығын құрметтеп, осындай рухани концертті өткізгені үшін ерекше алғысымды білдіремін. Халық өнер мен шығармашылықты бағалаған кезде белгілі композитордың есімі өшпейтініне сенімдімін», - деп атап өтті Халық әртісі Дарико Хасанғалиева.


Композитор халқымыздың ән өнеріне үлкен үлес қосты. Оның авторлық шығармалары жұрт есінде мәңгі сақталмақ. Ол қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне көптеген ән жазды. Сонымен қатар 200-ге жуық ән, романс және хор шығармаларын қойды. Ескендір Хасанғалиевке деген қазақ халқының құрметі ылғи да ерекше болып қала берері сөзсіз.


Концертте үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Светлана Айтбаева, Сүндет Байғожин, Алтынай Жорабаева, Маржан Арапбаева, Арайлым Рахымқызы, халықаралық байқаулардың лауреаттары Айдын Жұмабаев, Нұрбол Балапанов, Әйгерім Ораз, Парасат Отан, Талғат Аллабириновтар, Ақбота Құснадин, Әкімхан Мәженов, Мұратбек Хайролда, Нұрбол Балапанов, Бақдәулет Жақыпов, Аружан Қойшықара және «Alem» эстрадалық би ансамблі, Ұлттық Ұланның «Құрмет» қарауыл ротасы өнер көрсетті.


Орындаушылар композитордың «Атамекен», «Есірмеген махаббат», «Әдемі-ау», «Туған жер», «Елімім еркем» әндері халық жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.


Іс-шара санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт #Хаксанғалиев #әнші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі үздік IT-университеттер тізімі жарияланды

Бүгін 17:10

Зарина Алтынбаеваның «Жер-Ана тынысы» альбомының тұсаукесері өтті

Бүгін 17:01

Алматыда ғылымның дамуы талқыланып, ғалымдардың жетістіктері таныстырылды

Бүгін 16:49

Ертең Тоқаев пен Мирзиёев кездеседі

Бүгін 16:17

Самокатпен сайран сап...

Бүгін 16:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика