AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Елорда тарихы: 27 жылда не өзгерді?

Елорда тарихы: 27 жылда не өзгерді?

Барлығы 06.07.2025, 09:46 695
Елорда тарихы: 27 жылда не өзгерді?
фото: gov.kz

Сарыарқаның төрінде бой түзеген елордамыз Астана – тәуелсіз Қазақстанның ғана емес, бүкіл Евразияның жүрегіне айналған ару қала. Бүгін, 6 - шілде Астананың туған күні. Осыдан 27 жыл бұрын астанамыз белгіленіп, өзінің тарихи датасын қалыптастырған еді. Содан бері не өзгерді? Қандай ғимараттар бой көтерді? Аqshamnews.kz тілшісі елорданың туған күніне орай тарих кеңістігіне сыр шертіп, Астананың алғашқы келбетінен кадрларды жинақтады. 

Сол жақ жағалаудың тынысы

Астана күнін бүкіл Қазақстан болып алғаш рет 2006 жылы 6 шілдеде атап өтті. Араға тағы екі жыл салып 2008 жылы 18 шілдеде бұл күн ресми түрде мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды. Биыл еліміздің бас қаласы Астананың астана мәртебесін иеленгеніне 27 жыл толып отыр.

1990 жылдары сол жағалау кең жазық дала болатын. Уақыт өте келе бұл жер Астананың келбетіне айналды. Қазір елорда десе бірден сол жақ жағалаудағы ғимараттар елестейді. 

сурет: informburo.kz

"ҚазМұнайГаз" және "Нұржол" бульвары

Қала символына айналған тағы бір нысан - бұрынғы "ҚазМұнайГаз" ғимараты. 2002 жылы салынған бұл нысанда бүгінде түрлі мемлекеттік мекемелер мен энергетика министрлігі орналасқан. Ал "Нұржол" бульварының бойында орналасқан маңызды ғимараттар "Солтүстік шұғыла" ТК – 2008, ҚТЖ ғимараты – 2009, "Казмедиа орталығы" – 2011, "Изумрудный квартал" – 2011 жылы соғылған. 

"ҚазМұнайГаздың" артында 2010 жылы "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығы, ал 2013 жылы жанында "Астана Опера" театры салынды.

"Астана Триумфы" мен Тұран даңғылы

2006 жылы салынған "Астана Триумфы" ғимаратының арт жағында бүгінде бірнеше тұрғын кешен бар: Grand Opera, Sensata, "Дельфин". Сонымен қатар, қазір Тұран даңғылының бойында бой түзеген мейрамханалар аллеясы да қалаға ерекше сән береді.

Ленин алаңынан - Парламентке

Бұрынғы Ленин алаңы - кезіндегі Целиноградтың символы болатын. 1979 жылы мұнда "Целингипросельхоз" жобалау институтының 16 қабатты ғимараты салынды. Ақмола астана болған соң мұнда Парламент көшіп келді. Қазір бұл нысан - Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы.

1964 жылы салынған Кеңестер үйі Ақмола астана мәртебесін алған соң Үкімет резиденциясына айналды. Бүгінде бұл жерде Астана қаласы әкімінің аппараты орналасқан.

Жастар сарайы

Жастар сарайы - алғашында "Жастар үйі" ретінде жобаланып, 1974 жылы ашылды, Қарсы бетінде орналасқан "Турист" қонақ үйі (1984) әлі күнге дейін өзінің атауын сақтап отыр.

Ескі вокзал

Целиноградтың ескі теміржол вокзалы - 60 жылдан аса тарихы бар нысан. Қазір - қосалқы терминал, ал 1990 жылы салынған жаңа биік ғимарат - негізгі вокзал ретінде қызмет етіп отыр.

суреттер: informburo.kz

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #астана күні #Қала күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Кеше 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Кеше 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Кеше 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Кеше 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Кеше 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика