AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елорда мен кей облыстарға ауа райына байланысты е...

Елорда мен кей облыстарға ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Әлеумет 01.04.2022, 12:47 1,360
Елорда  мен кей облыстарға ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: 35PHOTO

Еріген қар ағынының салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін.


Нұр-Сұлтан және еліміздің тағы сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.


2 сәуірде түнде және таңертең Нұр-Сұлтанда тұман түсіп, жолда көктайғақ болады.


Ақмола облысының оңтүстік-батысында, шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.


2 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.


2 сәуірде Батыс Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.


2 сәуірде Алматы облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында - 17-22 м/с.


2 сәуірде Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстік-батыста, оңтүстікте екпіні 16 м/с жетеді.


2 сәуірде Қостанай облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.


Қостанайда 2 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.


Күндіз 2 сәуірде батыста, оңтүстікте және Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтауда 2 сәуір күні күндіз шаңды дауыл тұрады.


Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша, 2022 жылдың 2-6 сәуір аралығында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзен бассейндерінде оң ауа температурасының сақталуы мен одан әрі артуының болжамына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар ағынының салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа #райы #Қар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Кеше 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);