Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Елнұр Бейсенбаевтың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкі...

Елнұр Бейсенбаевтың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды

Билік 11.02.2026, 10:25 146
Елнұр Бейсенбаевтың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды
Видео кадры

Елнұр Бейсенбаевтың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Елнұр Бейсенбаевқа Алғыс хат табыстап, жасаған жұмысына ризашылық білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған еді.

Елнұр Бейсенбаев туралы не белгілі?

Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев - қазақстандық саясаткер, партия және қоғам қайраткері, 2026 жылдан бастап Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VII және VIII сайланым депутаты (2021—2026), «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы (2023).

2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, 2010 жылы сол жерден саясаттану магистрі дәрежесін алды.

2006-2010 жылдар аралығында «Болашақ» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары, «Жастар үні» журналы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.

2010-2012 жылдары — «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

2012-2015 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №48 мектеп-лицейде тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Алматы қалалық филиалының хатшысы болды.

2015-2017 жылдары — Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды.

2019-2020 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі болды.

2020 жылдың 23 қаңтарынан 2021 жылдың қаңтарына дейін «Нұр Отан» партиясы қарамағындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы болды.

2021 жылдың 15 қаңтарынан 2023 жылдың 11 қаңтарына дейін «Нұр Отан» партиясының (2022 жылдың 1 наурызынан бастап «Аманат» партиясы болып өзгертілді) партиялық тізімі бойынша Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VII сайланым депутаты болды.

2023 жылдың 4 қаңтарынан 17 шілдесіне дейін «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы болды.

2023 жылдың 29 наурызынан бастап «Аманат» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды. Сол күні «Аманат» партиясының Мәжілістегі фракциясының жетекшісі болып сайланды.

2026 жылғы 9 ақпанда ол Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Елнұр Бейсенбаев #Мәжіліс #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі?

Бүгін 09:30

Алматыда қалың қарға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Бүгін 09:19

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Кеше 19:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика