AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Элизабет Тұрсынбаева спорттық мансабын аяқтады

Элизабет Тұрсынбаева спорттық мансабын аяқтады

Спорт 21.09.2021, 04:48 1,278
Элизабет Тұрсынбаева спорттық мансабын аяқтады
Сурет: Рrosports.kz

Элизабет үлкен спорттан кеткенін мәлімдеді


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева спорттағы мансабын аяқтағанын жария етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Элизабет Instagram-дағы парақшасында спорттағы мансабын аяқтауға жөнінде шешім қабылдағанын жеткізген. Мұндай шешім қабылдауына арқасынан алған жарақаты себеп болғанын айта келіп, ол ұзақ уақыттан бері денсаулығын мазалап жүргенін жасырмаған.



«Осының салдарынан мамыр айының соңына дейін толыққанды жаттығу жасауға жағдай болған жоқ. Мен үшін өмірімнің белгілі бөлігін аяқтау арқылы жаңа қадамдарға аяқ бастым деп санаймын. Мен Қазақстанда жүрмін. Жыл соңына дейін балаларға өзімнің үйренген тәжірибемді көрсетіп, олардың шеберлігін арттыруға көңіл бөлмекпін. Мен әрқашан өз елімнің мәнерлеп сырғанау спортын дамытуды жоспарлап келдім. Сол бір сәт туды деп санаймын», - деп жазды спорт шебері.



Элизабет Тұрсынбаева 2000 жылдың 14 ақпанында дүниеге келді. 2019 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде алды. Бұл жөнінде спортшының әкесі Байтақ Тұрсынбаев әлеуметтік желідегі парақшасында тоқталды.



«Осы орайда бізге қолдау білдірген Қызылорда облысы әкімдігіне, Ұлттық Олимпиада комитетіне, еліміздің мәдениет және спорт министрлігіне үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Сондай-ақ, Элизабеттің жоғары табыстарға қол жеткізуіне үлкен үлес қосқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз», - деп атап көрсетті.



Оның айтуынша, Элизабет 2011 жылдан бері еліміздің ұлттық құрамасы сапында 51 жарысқа қатысты. Халықаралық сайыстарда барлығы 39 медальға қол жеткізді. Олардың 17-і алтын. Соңғы он жылдағы спорттық мансабында Элизабет бірде-бір халықаралық жарыстарды құр жіберген жоқ. Дегенмен кейінгі жылы алған жарақатынан ондай додаларға бара алмады. Элизабет әлем тарихында ересектер арасында халықаралық жарыстарда төрт айналып секіруді орындаған алғашқы мәнерлеп сырғанаушы ретінде ерекшеленеді.


Қазақстан үшін әлем чемпионатында әйелдер арасында алғашқы спортшы ретінде бағаланады. Оған қоса ол төрт құрлық чемпионатында, Азия ойындарында, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында, Халықаралық универсиадада жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #үлкен #сырғанаушы #жария
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еңбек министрлігінде «DIGITAL NAURYZ 2026» IT-бағдарламасының қорытындылары шығарылды

Бүгін 11:03

Алматыда кредиттік саладағы ірі жемқорлық схемасы әшкереленді

Бүгін 10:30

Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

Бүгін 10:08

Академия президенті «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

Бүгін 10:00

Алматыдағы “Парасат” әлеуметтік орталығында этно-кабинет ашылды

Бүгін 09:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика