Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»

«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»

Әлеумет 15.12.2024, 10:41 1,074
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
Сурет: автор

Бүгін Алматы қаласы Д.А.Қонаев атындағы колледжде Құқықтану мамандығының 2 курсы 1-топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні! Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманының орындалған күні, еркіндік пен бостандыққа қол жеткізген күні! Тәуелсіздік күні – еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өткені бәрімізге мәлім. Ал 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғасы халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстанның тәуелсіздігін талап етудің нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республиксының Тәуелсіздігі туралы Заңның қабылданғаны айтылды.

Мерекелік шара Мемлекеттік Әнұранымен басталып, Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетілді. Шараға қатысқан студенттер қазақ елінің тарихы мен қалыптасу кезеңдері, ұлт-азаттық көтерілістер мен оның зардабы, халқымыздың тәуелсіздік жолындағы күрестері мен қол жеткізген жетістіктері туралы мәліметтер алды. Тәуелсіздігіміз жолында 1986 жылы 16 желтоқсанда Орталық алаңға шыққан қазақ жастарының арасында болған, бүгінгі күні ортамызда жүрген қайсар рухты қазақтың кешегі өрімдей қыз-жігіттері бүгінде құрметті ұстаздар қатарында қызмет атқарып жүр. Аталған шараға колледж ұстаздарын қатыстыру – шәкірттеріне Отанға деген сүйіспеншілік, өз елінің тарихы мен тағдырына қатысты сезімін оятып, жастардың азаматтық және патриоттық санасын қалыптастыруды, ұстазға деген құрметін арттыру мақсатында жоспарланған.

Желтоқсан оқиғасына қатысушылар – колледж директоры Р.Ч. Булекбаева, заңгер-ұстаз А.Н. Жұмабай және тәжірибелі ұстаз, тарих пәнінің аға оқытушысы Ж.Б. Акимбаева бұл шараға арнайы шақырылды. Жанын мұздатқан аязды күндердің әсерлі естеліктерімен бөліскен Ұстаздар жанарына жас алып көңілдері толқыды. Шәкірттерін білім берумен қатар патриоттық рухта тәрбиелей отырып, жастарға жігер беретін тілектерін айтты.

Шараны ұйымдастыру барысында жарияланған байқаулардың нәтижелері айтылып, үздік деп танылған студенттер «Мадақтама»,«Алғыс хаттармен» марапатталды. Суреттер мен қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу жеңімпаздары анықталып, өнерлерін көрермендерге тарту етті. Қазақстанның Тәуелсіздігіне жастардың жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік шаралар ұлттық мәдениетті, тарихты және батырлар ерлігін қадірлей отырып, елінің болашағы үшін белсенді, адал азаматтар болып өсетініне сенімдіміз.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #мерекелік іс-шара #студенттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика