AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізге шетелден автокөлік әкелуге шектеу жоқ

Елімізге шетелден автокөлік әкелуге шектеу жоқ

Әлеумет 13.07.2022, 08:19 1,284
Елімізге шетелден автокөлік әкелуге шектеу жоқ
Сурет: Favorit.ru

Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Қазақстан шетелден автокөлік әкелуді шектеуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Кеше бірқатар БАҚ-та жақын шет елдерден Қазақстанға автокөлік әкелуге шектеу енгізіледі деген жаңалық жарияланды. Ақпарат Үкімет басшысының депутаттық сауалға берген жауабынан алынған. Премьер-Министрдің баспасөз қызметі осыған қатысты түсініктеме берді.



«Бүгінгі таңда шетелдік көліктерді заңнаманы бұза отырып елге әкелу жағдайлары жиілеп кетті. Атап айтқанда, ұрланған немесе кепілге қойылған, жалған нөмір тағылған көліктерді пайдалану фактілері анықталып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанға «проблемалық» автокөлікті әкелудің алдын алу және жалпы әкімшілендіруді жақсарту үшін Көлік құралдарын әкелу ережелері (уақытша ережелерді қоса алғанда) әзірленуде. Онда мұндай автомобильдерге бақылауды күшейту, тіпті оларды елге әкелуді шектеуді көздейтін тетіктер қарастырылады», - делінген хабарламада.



Үкімет бұл шаралар шет мемлекеттерде тіркелген, ел аумағына заңды жолмен әкелінген және заңды бұзбай пайдаланылатын автокөліктерге қолданылмайтынын атап өтті.


Премьер-Министр баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, былтыр басқа елдердің құқық қорғау органдарымен салыстыру қорытындысы бойынша Қазақстанға әкелінген 35 мыңнан астам автомобильдің банк тарапынан және заң бойынша шектеулері болғаны анықталды. Сонымен қатар 600-ден астам көлік елге әкелу кезінде ЕАЭО-ға мүше елдердің құқық қорғау органдарының іздестіруінде болып шықты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #шетел #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бесінші алтын! ММА шебері Еркінғали Бүркіталин - XX жазғы Азия ойындарының чемпионы

Бүгін 12:08

Атом энергетикасын дамытуда қауіпсіздікке басымдық беріледі

Бүгін 11:49

Мемлекет басшысы туған күніне орай Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:45

Алматылық спортшылар Азия ойындарында алғашқы жүлделерін жеңіп алды

Бүгін 11:36

Қазақстанда пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Бүгін 11:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);