AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Еліміздің үш жетекші театры жаңа маусымын ашады

Еліміздің үш жетекші театры жаңа маусымын ашады

Мәдениет 25.08.2026, 14:05 332
Еліміздің үш жетекші театры жаңа маусымын ашады
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңа маусымды алғаш болып «Астана Балет» театры бастайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Астана Балет», «Астана Опера» және Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында жақында жаңа маусым басталады. Биыл көрерменге ұлттық репертуардағы туындылар, гастроль аясындағы қойылымдар және қазақ әдебиетінің классикасы негізінде сахналанған балет премьерасы ұсынылады.

Жаңа маусымды алғаш болып «Астана Балет» театры бастайды. 28 және 29 тамызда театр сахнасында Корей ұлттық балеті Адольф Аданның музыкасына қойылған «Корсар» спектаклі көрсетіледі. Қойылымның хореографы – Сон Чжонбин.

XIV маусым ашылғаннан кейін «Астана Балет» труппасы Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрін танытатын хореографиялық миниатюралар бағдарламасымен Вьетнам мен Францияда өнер көрсетеді. Австриядағы гастроль аясында әртістер Вена сахнасында «Blind Forgiveness» және «Қос кілем» балеттерін ұсынады.

Алдағы маусымда екі актілі жаңа балет сахналанып, симфониялық концерттер мен түрлі шығармашылық жобалар ұйымдастырылады.

«Астана Опера» XIV театр маусымын 4 және 5 қыркүйекте Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің Мұхтар Әуезов либреттосына жазылған «Абай» операсымен ашады.

Қойылым композиторлардың туғанына 120 жыл толуына орай сахналанады. Спектакль дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев.

Маусым барысында театрда бірнеше премьера өтеді. Олардың қатарында Кирилл Радевтің хореографиясындағы «Чарли и Ирэн», Сұлтанбек Ғұмар сахналаған «Томирис» балеттері және режиссер Еренбак Тойкеновтің балаларға арналған «Арман» музыкалық спектаклі бар. Сонымен қатар «Астана Опера» сахнасында Мемлекеттік ұлт театры Антон Чеховтің «Ваня ағай» және Жан-Батист Мольердің «Тартюф» спектакльдерін қояды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-маусымын 12 және 13 қыркүйекте «Ақбала» ұлттық балетінің премьерасымен ашады. Қойылым Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының желісімен сахналанып, шығарма алғаш рет балет өнері арқылы көрерменге жол тартады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балет театры #театр маусымы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Бүгін 17:00

Алматыда «Жастар Рухы» жастар қанатының кезектен тыс IX есеп беру конференциясында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Бүгін 16:56

Алматыда «Әділет» партиясының қолдауымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында EcoNetwork экологиялық жобасы таныстырылды

Бүгін 16:41

Алматыда студенттерге арналған жатақханаларда 830 бос орын бар

Бүгін 15:33

Абай университетінде көшпенділер өркениетін зерттеу мәселелері талқыланды

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);