AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің үш қаласында жыл соңына дейін 5G қосылад...

Еліміздің үш қаласында жыл соңына дейін 5G қосылады

Әлеумет 26.12.2022, 11:02 963
Еліміздің үш қаласында жыл соңына дейін 5G қосылады
Сурет: Вaribar.kz

Алматы, Астана және Шымкентте 5G желісін іске қосу жоспарланған.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек жаңа жиіліктің қашан пайдалануға берілетіні туралы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оның айтуынша, 2022 жылдың соңында республикалық маңызы бар үш қалада – Алматы, Астана және Шымкентте 5G желісін іске қосу жоспарланған.



«Бұл - жоғары жылдамдықты қажет ететін ірі бизнес абоненттері. Бұл – өте көп видео қарайтын, жақсы, сапалы байланысты қажет ететін әлеуметтік желі қолданушылары. Халықаралық зерттеу мобильді технологияларды енгізу қарқыны мен халық пен бизнестің экономикалық белсенділігінің тікелей байланысы бар екендігін көрсетіп отыр. 4G технологиясын енгізген кезде және оның қарқынды дамыған уақытында халыққа, бизнеске қандай пайда әкелгенін көріп отырмыз. 5G 2025 жылға дейін еліміздің барлық облыс орталығына таратылатын болады», - деді Асхат Оразбек.



5G жиілігін тарату бойынша өткен аукционда «Мобайл телекомсервис» ЖШС мен «Кселл» АҚ жеңіске жетті. Олар тиісті төлем жасағаннан кейін радиожиілікті пайдаланатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #желі #инновация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Кеше 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Кеше 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Кеше 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Кеше 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Кеше 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика