Еліміздің үш өңірінде туу көрсеткіші жоғары

Еліміздің үш өңірінде туу көрсеткіші жоғары сурет:infox

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысына тиесілі.


2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда еліміздің үш өңірінде туу көрскеткіші жоғары болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, халық саны 19 765 004 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам.


Өткен бір жылда Қазақстанда 403,5 мың сәби (450,7 мың адам – 2021 ж.) дүниеге келді, оның ішінде 208 мыңы – ұл, 195,5 мыңы – қыз. Туу коэффициенті 1000 адамға 20,28 құрады. Аталған кезеңде қайтыс болғандар саны 134,7 мың адамды құрады, бұл ретте 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім коэффициенті – 6,77. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 2022 жылдың 12 айында 268,8 мың адамды құрады (2020 жылы – 263 мың, 2021 жылы – 267 мың).


Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 27,75 адам), Түркістан облыстарында (1000 тұрғынға 27,23 адам) және Шымкент қаласында (1000 тұрғынға 26,34 адам) байқалды.


Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі – Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға 11,84), Шығыс Қазақстан (1000 тұрғынға 11,71) және Қостанай облыстарында (1000 тұрғынға 10,82) байқалды, бұл осы өңірлер халқының жас құрылымына байланысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:01

19:23

18:33

18:29

18:29

17:55

17:46

17:38

17:25

17:18

16:51

16:36

16:33

16:01

15:55

15:48

15:20

15:05

14:48

14:35

14:29

14:25

14:15

13:23

13:00