конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Еліміздің төрт ақылы автожолында орташа жылдамдыққ...

Еліміздің төрт ақылы автожолында орташа жылдамдыққа бақылау енгізіледі

Мұны білген жөн 08.07.2026, 15:43 259
Еліміздің төрт ақылы автожолында орташа жылдамдыққа бақылау енгізіледі
Элеонора Якия

10 шілдеден бастап төрт ақылы жолда орташа жылдамдық бақыланады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Республикалық маңызы бар ақылы автожолдардың жекелеген учаскелерінде орташа жылдамдықты бақылауды "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жүзеге асырады.

"Жаңа шара жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, жылдамдық режимін бұзу фактілерінің алдын алуға және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған", – деп мәлімдеді ұлттық компанияның баспасөз қызметі 8 шілдеде.

Орташа жылдамдық екі бағытта мына жол учаскелерінде бақыланады:

  • Ақтөбе – Қандыағаш;

  • Алматы – Қорғас;

  • Көкшетау – Петропавл;

  • Астана – Теміртау автожолының Аршалы – Ошақанды учаскесі.

Ұлттық компанияның мәліметінше, жүйенің басты мақсаты – жүргізушілерді жазалау емес, жолдағы қауіпті әрекеттердің алдын алу.

Тәжірибе көрсеткендей, жылдамдықты шамадан тыс асыру – ауыр жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі. Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі камера алдындағы бір сәттік емес, жүргізушінің бүкіл жол учаскесіндегі нақты қозғалыс жылдамдығын есептейді. Осылайша жүргізушінің тек камераның алдында ғана баяулап, кейін қайтадан жоғары жылдамдықпен жүруіне жол берілмейді", – делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, жылдамдық режимін автоматты түрде тіркеу жүйесі республикалық автожолдардағы апаттылықты төмендетуге бағытталған алдын алу шаралары аясында енгізіліп жатыр.

Әсіресе көлік қозғалысы қарқынды ақылы жол учаскелеріне ерекше назар аударылған, өйткені мұнда жылдамдық режимін сақтау барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жүргізушілерді жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға, "Ең жоғары жылдамдықты шектеу" жол белгілерінің талаптарын сақтауға және белгіленген жылдамдық режимін асырмауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақылы жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Спорт күніне орай спорт саласы өкілдерін марапаттау жалғасуда

Бүгін 20:50

Алматыда қала студенттеріне арналған дағдарыс орталығы ашылды

Бүгін 20:44

Магистратура гранттарының нәтижесі 24 тамызда жарияланады

Бүгін 16:34

Кредит төлеу тәсілін клиент таңдай алады

Бүгін 15:21

Қазақстанның IT-қызметтер экспорты бес жылда шамамен 34 есеге өсті

Бүгін 14:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);