AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің бірқатар өңірінде жанармай қымбаттайды

Еліміздің бірқатар өңірінде жанармай қымбаттайды

Әлеумет 23.06.2022, 11:41 1,056
Еліміздің бірқатар өңірінде жанармай қымбаттайды
Сурет: Epravda.com.ua

Аи-92 және Аи-93 маркалы бензинге шекті баға белгілеу жоспарлануда.


Энергетика министрлігі бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларына өзгерістер енгізілетін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.


Мәселен, Аи-92 және Аи-93 маркалы бензинге шекті баға белгілеу жоспарлануда:



  • Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында - литріне 187 теңге;

  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында - литріне 182 теңге.


Қазір аталған маркалы бензиннің шекті бағасы еліміздің барлық өңірлерінде 182 теңгеге белгіленген.


Энергетика министрлігі түсіндіргендей, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін Аи-92 және Аи-93 маркалы бензинге 5 теңге/литрге бағаның өсуі ұсынылады, себебі операциялық (логистикалық) шығындардың деңгейі бөлшек сатушылардың мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардан қашықтығына байланысты Қазақстанның басқа облыстарына қарағанда жоғары.


Мұндай бағаларды 180 күнтізбелік күнге белгілеу жоспарлануда.


Дизель отынының бағасы (жазғы, маусымаралық) өзгеріссіз қалады:



  • Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында - литріне 260 теңге;

  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай – ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында-литріне 230 теңге.


Құжат 8 шілдеге дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баға #жанармай #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 14:45

Дархан Сатыбалды Алматының жылумен қамту нысандарының жылу маусымына дайындығын тексерді

Бүгін 14:38

Егін жинау науқаны – 2026: Олжас Бектенов жиналған астықтың сақталуы және диқандарды ерте қаржыландыру жұмыстарын бастауды тапсырды

Бүгін 14:30

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 13:45

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);